М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
моллск
моллск
06.04.2020 12:07 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұнын салыстырыңыз. олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаңыз. 1-мәтін Ертеде қос тұлымшағы желбіреген, құралай көздері жәудіреген кішкене ғана қыз бала болады. Оның мекені алып шаһардың ортасынан ойып орын алған зәулім сарай да емес, биік ғимарат та емес, лашық күрке де емес, қарапайым ауыл ішіндегі шағын үй болатын. Ата-әжесінің шуақты құшағында ерке-бұла боп өсіп, оларды нәзік те қызық қылықтарына бір тоймастай етіп, тамсантып, табындырып күндер кешті. Ол тамылжыта ән салғанда торғайдың шырылдағаны, құзғынның құрқылдағаны, тырнаның тыраулағаны, сандуғаштың сайрағаны да түкке тұрғысыз, көңілге қонымсыз болып қалушы еді. Оның сырлы сынына, қызық қырына қанық ел-жұрт, ауыл адамдары үйлеріне арнайы шақырып, ән салдырып қоятынды да шығарды. Тақылдақ таңдайынан тамған тамаша дауысын, судың сылдырынан да сұлу, әсем әуенін естімей көңілдері көншімейтіндер де көбейді. Өнерін өнеге тұтатын ауылдастарының көңілін аулап жүрген бір күнінде ауыл ішінде елеусіз тұрған ескі құдықты көзі шалды. Тамағы құрғап, ерні кеберсiп, тілі аузына сыймай келе жатқанда «тілегені алдынан іздемей табылғанына» жүрегі жарыла қуанған ол қайтсе де су ішіп, шөл қандырмай кетпейтін болды. Құдықтың ескі екеніне, жанындағы қауға шелегінің шаң басып, тозып қалғанына қарамастан, құдықтың тереңіне шелекті «күмп» еткізіп тастап жіберіп, «сырт-сырт, сырт-сырт» еткізіп шелекке байланған арқан жібінен тартып, құдық үстіне шығарып алды да, өз көзіне өзі сенбей аңтарылды да қалды. «Ескі құдықтан осыншалықты мөлдір су шығады екен-ау. Тіпті, әлгі тоз-тозы шыққан көне шелектің түбі күнге шағылысып, жылтылдап қоятынын қайтерсің» деген ойда қалды. 2-мәтін 2019 жылғы 9 шілдеде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гін су шаруашылығы қызметкерлері күнімен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев құттықтады. Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық Даму Министрлігі МАДАҚТАУ «Су ресурстары –Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласының экономикасын өркендетудегі, өндіріс саласындағы жақсы жетістіктерді , бағалы бастамаларды, тағылымды тәжірибелерді, индустриалды-инновациялық бағыттағы барлық технологияларды қолдап, оларды жүзеге асырудағы және де Халықаралық стандарттарға сай қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудегі жоғары жетістіктері үшін марапатталады. Қазақстан Республикасы Индустрия және Инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ.А.Өскенбаев Нұр-Сұлтан, 2019 жыл

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Valentinka079
Valentinka079
06.04.2020
Медеу Спорт Кешені[1] – жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені. Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан. Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады. Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторлар: В.З. Кацевке, А.С. Қайнарбаевқа инженер С.Б. Матвеевке, тағыда басқа. (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Конькишілерге арналған жасанды мұз айдынының ауданы 10,5 мың м. Жарыс жолының ені 5 м, айналымы 400 м. Айдынның ортаңғы бөлігі — хоккей ойынына және мәнерлеп сырғанауға арналған. 12,5 мың орындық кешенде 2 жүзу бассейні, спорт залы, мейманхана, асхана, кинозал, кітапхана және ба з орт. орналасқан. Жасанды мұз айдынының астыңғы жағындағы биікт. 2,3 м 20 түрлі материалдар қабаты орасан зор темір бетон тақтаның үстіне орналастырылған. Мұнда ұзындығы 170 м-лік салқындатқыш темір құбырлар тартылған. Айдынның жарықтануын 8 тұғырға орнатылған 1600 қуатты шамдар қамтамасыз етеді. Ортадағы фотофинишпен байланыстырылған жылдам жазатын электронды таблоның 30 мыңнан астам шамы 1 мин ішінде 6 мың түрлі бейнені көрсете алады. Жасанды мұздың қалыңд. — жазда 3 — 4 см, қыста 10 — 15 см-ге дейін жетеді. Медеу Спорт Кешені құрамына Медеу қонақ үйі кіреді. Медеу қонақ үйінің бір, екі орындықты және люкс бөлмелері бір мезгілде 376, ал жылына 10 мыңға жуық адамдарды қабылдай алады. Сенбі, жексенбі күндері — Медеу мұз айдыны 9 мыңға жуық әуесқой конкишілерді қабылдай алады. Медеу мұз айдынында спринтерлік және классик. көпсайыстан, т.б. спорт түрлерінен әр түрлі халықар. жарыстар өткізіліп, дүниежүз., еур. және ұлттық рекордтар жасалды. Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді. Медеу - Алматының төңірегінде, Кіші Алматы өзенінің жағасында жататын мұз айдыны. Теңіз деңгейінен 1,691 метр биікте орналасып, ол әлемдегі ең атақты мұз айдындарының арасында. Медеу 10,500 ш.м. жерді алып жатады және 10,500 көрерменді сиғызады. Әлемдегі 150-ден аса үздік спорттық рекордтар бұл мұз айдынына туғаны баршаға мәлім. Медеуде өткізілген ұлы чемпионаттарының соңғы - 1988 жылындағы Халықаралық Еркектер Конькимен Тез Жүгіру чемпионаты болған.
4,6(6 оценок)
Ответ:

Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
Дорога к знаниям начинается с колыбели.

Ғылым – теңіз, білім – қайық.
Наука – море, знания – лодка.

Сыйлап берсе, суын іш.

И вода – еда, если от души подана.

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
Время и камни разрушает.

Мезгілі жетсе, мұз да ерір.
Время настанет – и лёд растает.

Қонақ аз отырып, көп сынайды.
Гость сидит немного, а замечает многое.

Қонақ келсе, құт келер.
Гость приходит – счастье в дом с собой приводит.

Кеме келсе, қайық судан шығады.
Лодка кораблю дорогу уступает.

Кет десе, ит те кетеді.
Когда говорят «пошёл» – и собака уходит.

Күші жоқ ит те жүгірмес.
Голодную собаку бегать не заставишь.


4,8(88 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ