1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады. Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.
2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.
Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.
Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.
Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.
1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін және – брь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.
Мысалы: сентябрь – ге, октябрь – ге, апрель – ге, рольдер, рояльға, нульге 2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.
Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуан – жіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады: - мен (-бен, - пен): қалам – мен, ағаш – пен; - паз: әсем – паз, өнер – паз; - қор: пәле – қор; - қой: сән – қой; - кер: жұмыс – кер; - дік (-нікі, - тікі): колхоз – дікі; - кеш: арба – кеш; - хана: шеберхана - күнем: пайда – күнем.
Басқа тілден енген сөздер буын ундестігіне бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
- Ата неше тіл білесіз?
- Екі тіл. Қазақша, орысша
- Мен үш тіл білемін. Қазақша, орысша, ағылшынша!
- Бәрекелді!
- Сен үлкенсің. Неге екі-ақ тіл білесің? Мектепте ағылшынша оқымадың ба?
- Оқыдым балам. Бірақ мектепте біз ағылшын альфавитін ғана жаттадық. Кейін институтта немісше оқыдым. Сонымен екеуі де есімде қалмады.
- Неге?
-
- Әке, егер ағылшынша көмек керек болса менен сұрайсың ғой. Жарай ма?
- Жарайды!
Маған жаны ашыған ұлымның ақылы осы болды.
Енді ұлымнан ұялмас үшін ағылшынша үйрену керек болып тұр. Жазда курсқа жазыламын. Әрине, өзім үшін...