Мәңгілік ел мұратым Бұл бөлімде мәтін мазмұнына қатысты сұрақтарға болжамен жауап беруге; мәтінің мақсатын, көркемдегіш құралдарын анықтауға; мәтін құрап, күрделі жоспар құруға; жазба жұмысын абзацтарға бөлуге, редакциялауға; тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазуға дағдыланасың
-Бұл Қызыл кітап.
-Ол не? Сыртына байланысты Қызыл кітап деген бе?
-Жоға, бұл кітапта саны өте аз,жойылып бара жатқан жануар мен өсімдіктер туралы жазылған.
-Олар неге аз?
-Адамдар әрекетінен. Ғылыми тілде айтсақ антропогендік фактор. Яғни, біз, жануарларды аулау немесе браконьерлік іспен айналысу, жануарлардың мекен ететін жерлерінің азаюы және адамдардың күрт кобейіп, жаңа мекен қажет етуі, экология ластануынан біз табиғатқа теріс әрекет етеміз.
-Сонда Қызыл кітаптың басты мақсаты табиғатты қорғау ма?
-Ия. Кітаптағы жануарлар мен өсімдіктер заң бойынша қорғауға алынады.
-Мен де оларды қорғаймын!
-Ой, Қарлығаш, сен әлі тым кішкентайсың ғой! Сені де қорғайтын адам керек.
-Сіз мені қорғайсыз!