Алдаркөсе туралы диалог құрастыру.
Еркебұлан: Әділет, осы Алдаркөсе туралы не білесің?
Әділет: Қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Оны неге сұрадың?
Еркебұлан: Мұғалім Алдаркөсе бейнесі және оған деген менің көзқарасымды жазып келуге тапсырған болатын.
Әділет: Өзің бұл кейіпкер жайлы не ойлайсың?
Еркебұлан: Жалпы, Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның айлакерлігі мен тапқырлығына тәнтімін десем де болады, себебі ол кез келген мәселенің оң шешімін тауып, сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа етеді.
Әділет: Ия, дұрыс айтасың. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады. Дегенмен халық онығ мұндай әрекеттерін айыптамай, қайта құптап отырған.
Еркебұлан: Неліктен деп ойлайсың?
Әділет: Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі.
Еркебұлан: Ал Алдаркөсе тек қазақ халық әдебиетіне тән тұлға ма?
Әділет: Менің естуімше, Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, т.б.) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл Алдаркөсе жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді.
Еркебұлан: Жақсы, достым, Пікір алмасқаның үшін үлкен рахмет!
Әділет: Оқасы жоқ!
ответ:Сыпайылық, жақсы, тәрбиелі , мейірімді , ақылды , үлкен , ауыр.
Объяснение:
Сын есім (прилагательное) отвечает на вопросы "Қандай?" "Қай?".