Тапсырма Аудномәтiндi екi рет тындап, темендегі тапсырмаларды орындаңыз. Күнделiктi емiрде нан тез арада кегеріп кететiнi белгiлi. Америкалық Містоzар компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады. Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон Сталл бұл пештін әртүрлі бактерияларды елтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды пісіргеннен кейiн екі апта өткен соң, нан сол калшы пештен жана пiсiп шыққандай формасы мен түрін сақтап тұрады Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы. Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынган нанның үштен бір бөлігін бұзылып кететіндіктен лактырып жiбередi екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының көмегімен ет, тауык еті және тағы баска когоністер мен жеміс жидектердi де ұзақ уақыт сақтауға болады екен. Сол себепті болашакта жана өнертабыска деген калыктын сұранысы да артуы әбден мүмкін. 1. Мәтіндегі ең манызды 3 тірек сөзді жазыңыз. 2. Автор көзкарасы берілген сөйлемдi белгiленiз. А) Нан өте тез көгеріп кетеді. В) Жана технология бактерияларды жояды. C) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін D) Американдыктар наннын бiраз бөлiгiн кокыска тастайды. 3. Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өнертабыстын адам өміріне пайдасы туралы ойыңызды бiлдiрiнiз Тұрақты тіркестер уш уйыктаса тусiне кiрмеген, көз майын тауысу, кәдеге асу, көздің жауын алатын, кас пен көздің арасында
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
1)
1.көгерген нан
2.Бактерия
3.АҚШ
2)С
3)