М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kotnapnewme123p04tz4
kotnapnewme123p04tz4
29.06.2021 20:53 •  Қазақ тiлi

Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият оқып, калған бөлігінде көтерілген мәселені болжаңыз. Оқжетпес туралы аңыз Кокшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек, тауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуга барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді: Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын куып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрен жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жок. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбеії орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан елтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз. nenus

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Қыс. Барлық адам бұл кезде үйді-үйлеріне жетуге асығып, қыстың ертегідей сұлулығын байқамайды. Үйге барсам жұмысқа, жұмысқа келсем үйге асығып отыратынымның себебі не екен? Мүмкін тоңғанды қаламайтын шығармын, ал мүмкін бұл мезгілдің кереметтігін жаныммен сезініп, түнгі Алматының ару жүзін көруге асығармын. Ақ мамыққа оранған саябақтарында серуенге шығудың өзі – поэзия. Әсіресе жалғыз. Сол, балалық шақтағы апамның айтқан пеш түбіндегі ертегілер шығар? Сол ертегілердің кейіпкері болып, таңғажайып қиял әлеміне еніп кеткен сәттерімді сағыну шығар? Әйтеуір, Жаңа жыл келгенше бір ғажапты күтемін де жүремін. Кейде ойлаймын, неге тез есейдім деп. Мамыражай сәттерде, майшамның жарығымен қабырғаға әр түрлі жануардың бейнесін салып, оны бір-бірімізге көрсетіп отыратын көңілді кештер-ай. Пештің сексеуілді қыздырып, гүрілдеп тұрған сәті ол кезде бір құбыжықтай көрінетін. Құрақ көрпеге тығылып алып, ертеңгі күнді ертегі әлемдей елестетуші едік-ай. Әжем қыс туралы қиял әлемім сақталған әңгімесін өзімен бірге әкетіпті. Кейде әжеме ренжимін...
4,7(1 оценок)
Ответ:
Tkaiem
Tkaiem
29.06.2021

«Ерлік — елге мұра, ұрпаққа — үлгі» бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы — біз үшін үлгі, шежіре, тағдыр — тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат. Халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ер жетесіз» деп атам қазақ бекер айтпаған ғой. Біз ата тарихын саралап, тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралаудамыз. Ондағы мақсат — ұлыларды зерттеп, олардың мол мұрасын кейінгі ұрпаққа аманат ету.Олар көптеген соғыстан кейін ашаршылық заманнан соң біз осындай тәуелсіз бейбіт  кеңбайтақ ынтымағы жарасқан мемлекетімізге жетіп отырмыз . Барлығы тек Бауыржан Момышұлы секілді аталарымыздың  арқасында еліміз аман жұртымыз тыныш заманға жетіп отырмыз

Объяснение:

4,8(41 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ