М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Girlverysilly098887
Girlverysilly098887
25.04.2020 01:22 •  Қазақ тiлi

«Менің анам -алтын» тақырыбында сипаттап немесе суреттеп эссе жазу(кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімдерін сақтау)

👇
Ответ:
musaevakhadizh
musaevakhadizh
25.04.2020
Ана – бала үшін өмірдегі ең қымбатты жан. Қандай ана болмасын түн ұйқысын төрт бөліп баласына деген мейірімін, махаббатын ақ сүтін беріп асырайды. Әр ана баласының дені сау, жақсы азамат болғанын арман етеді. Ананың мейірімділігі сонша, отбасында қанша бала болса да, солардың бас - басына өзінің жақсы қасиеттерін үйрете отырып тәрбиелейді. Осы балалардың ішінде біреуі ауырып қалса, сол баласы жазылғанша ана жаны қоса қиналады.
Балалары ержетіп кетсе де, ана үшін ол әлі сәби күнгісіндей көрінеді. Көп күн келмесе, алыста жүрсе, хабарла , «Не болды екен?» деп есі - дерті сол баласында болады. Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім тез ашуланатын мінезім бар. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым» деп өкініп қаламын. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды адам. Осындай сәттерде мен анама барып, көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын.
4,4(87 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
milenkakonfetka
milenkakonfetka
25.04.2020

Қоршаған орта табиғатты қалай сақтап қалуға болады? Қоршаған орта соңғы жылдарда қатты нашарланады. Көп машиналар, қауіпті зауыттар біздің табиғатымызға нашар әсер етеді. Әрине, біздің жақтан бұл үлкен қате, өйткені біздің маңызды парызымыз – табиғатты қорғау және келесі ұрпақтарға табиғатты жақсы қалпында беру

қоршаған орта табиғат

Қоршаған ортаны қалпына келтіру немесе сақтап қалу өзекті әрі ауқымды мәселе. Өйткені, ұзақ жылдар бойына адамзат табиғатты барынша пайдаланудың нәтижесінде, климатта айтарлықтай өзгерістер орын алды. Қоршаған орта – аты-ақ айтып тұрғандай, бізді қоршаған әлем.

Сұраққа жауап бермес бұрын, мына бір сөзді жазайын. «Өзің қандай болсаң, айналаң да сондай» Сондықтан, заң шығару, реформа жүргізу, қылмысқа тарту, жазалау сынды әрекеттерге бармас бұрын, әр азамат өзінен бастап тәрбиелеуі керек.

Нұсқаулық:

1. Кішкентай ғана олқылықтың арты, үлкен мәселе тудыруы мүмкін екендігін ұмытпаңыз. Мәселен, қарапайым бөлменің жарығын айтайын. Ерініп қшірмей кетіп жатамыз. Енді, ойланып қараңыз, сіздің бір шамды өшірмеуіңізден басқа бір жерлдегі шамдар күйіп жатады, немесе қаншама артық энергия көзін сіз босқа жіберіп жүрсіз. Тым құрымағанда жарықсыз өмір сүріп жатқан халықты бір ойлаңыз. Шешім: бүгіннен бастап жарықты үнемді пайдалану; Тек жарыққа ғана емес, суға да, газға да қатысы бар.

2. Қоқыс мәселесі. Бір ғана Алматының өзінде сыртқы жағында қоқыс тастайтын үлкен жерді есіңізге түсіріңіз. Қосымша, сол қоқыстың қаншалықты улы газ тазартып, ластап жатқандығын ескеріңіз. Шешім: үйден қоқысты шығарарда оны іріктеп барып тастаңыз. Яғни, шыныларды бөлек, қағаздар бөлек т.б.

3. Жұмыс барысында парақты үнемді, ретті пайдаланыңыз. Макулатураның бар екенін білесіз. Парақты қоқысқа тастамай сонда өткізсеңіз болады.

4. Полиэтиленді пакеттерді қолданудан бас тартыңыз. Оның орнына майлық пакеттерді,қағаз пакеттерді қолданыңыз.

5. Бір рет қолдануға арналған пластикалық ыдысты қолданысыңыздан алып тастаңыз. Соның арқасында, жұмысшыларды утилизация процессі қиын жүретін қоқыстардан арылтасыз. Пластик заттарды қайта өңдеу барысында ауаға зиянды заттар қатты бөлінеді.

Қорытындыласақ: Әдетке айналдырыңыз! Жоғарыда айтқанымдай кішкентай әрекеттердің өзі дұрыс болмаса үлкен қиындық тудырады. Сондай-ақ, кішкентайдан бастап, дұрыс әрекет жасасаңыз, үлкен мәселелердің алдын аласыз. Қоршаған ортаны қорғауда экологиялық мәдениетті қалыптастырған жөн. Нұсқаулықтардың барлығын орындап жүрсеңіз экологиялық мәдениетті азамат болғаныңыз. Қоршаған ортаны қорғауды өзіңізден бастаңыз.

4,8(24 оценок)
Ответ:
eeeevaa
eeeevaa
25.04.2020

Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

4,7(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ