ЖАЗЫЛЫМ 6-тапсырма. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен «жерұйық», «кіндік қаны тамған жер», «ұшқан ұя» деген тіркестерді тауып, мағынасы нақтыла. Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құра. Үлгі: Ұшқан ұя. Ауыспалы мағына. Орын тепкен, қоныстанған жер, кг Қоныс. Келдім сені сағынып, алтын ұям — Алматым (Қ. Аманжолов).
Ертеде зергерлік бұйымдарды қолдан жасайтын зергерлер болған. Қазіргі зергерлік бұйымдар,басқа да түрлі әшекейлер арнаулы орындарда жасалады. Зергерлік бұйымдардың түрлері сан-алуан. Зергерлік бұйымдар қымбат металдардан жасалады. Оларды әшекейлеуге қымбат тастар қолданылады. Таза металдардан жасалған зергерлік бұйымдар өте қымбат болады. Және олар асыл тастармен өрнектелген болса одан да бағасы артады. Бұндай бұйымдар отбасы мұрасы болып ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Ондай қымбат заттарға көп адамдардың қолы жете бермейді. Негізінде, зергерлік бұйымдар әсемдік үшін қолданылады. Олар жоқ болса да өмір өзгермейді, өзгедегі әшекейлерді, қымбат, әсем зергерлік бұйымдарды көріп, өзіңде жоқ болғанға өкініп қажеті жоқ. Өмірдің мәні онда емес, оларсыз да бақытты өмір сүруге болады.