М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ArianaZimanina
ArianaZimanina
26.09.2022 16:21 •  Қазақ тiлi

НАПИШИТЕ ПРОПИСЬЮ НА КАЗАХСКОМ :
2424242 6465464 42425 249824211 8294821134

👇
Ответ:
Маширо11
Маширо11
26.09.2022
Екі миллион төрт жүз жиырма төрт мың екі жүз қырық екі Алты миллион төрт жүз алпыс бес мың төрт жүз алпыс төрт Қырық екі мың төрт жүз жиырма бес Екі жүз қырық тоғыз миллион сегіз жүз жиырма төрт мың екі жүз он бір Сегіз миллиард екі жүз тоқсан төрт миллион сегіз жүз жиырма бір мың отыз төрт
4,5(82 оценок)
Ответ:
vanessashevchuk
vanessashevchuk
26.09.2022

Екі миллион төрт жүз жиырма төрт мың екі жүз қырық екі,Алты миллион төрт жүз алпыс бес мың төрт жүз алпыс төрт,Қырық екі мың төрт жүз жиырма бес,Екі жүз қырық тоғыз миллион сегіз жүз жиырма төрт мың екі жүз он бір,Сегіз миллиард екі жүз тоқсан төрт миллион сегіз жүз жиырма бір мың отыз төрт

4,4(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Kristinkasssd001
Kristinkasssd001
26.09.2022

Спартак көтерілісі – Ежелгі Римде б.з.б. 73/74 – 71 жылы болған құлдар көтерілісі. Көтерілісті құлдыққа сатылып, Капуядағы гладиаторлар мектебіне түскен Спартак басқарған. Ол ежелгі авторлардың айтуынша римдіктерге тұтқынға түскен дакиялық тайпа көсемінің баласы болған. Көтеріліс барысында Спартак өзін шебер ұйымдастырушы әрі талантты қолбасшы ретінде көрсетті. Оның жасағының саны аз уақыт ішінде 10 мыңнан 70 мыңға дейін жетіп, көтеріліс Кампаниядан Италияның оңтүстік аймақтарына жедел тарады. Б.з.б. 72 жыды Рим сенаты көтерілісшілерге қарсы екі консул (Г.Лентул, А.Гелий) әскерін жіберді. Бірақ бұлар Спартактан күйрей жеңілді. Спартак армиясының жеңісі Римнің іргесін шайқалтып кетті. Жер-жерде құлдар өз иелеріне қарсы көтеріліп, имениелерді өртеді, көтерілісшілерге қосылу үшін қашып жүрді. Көтерілісшілер Адрия теңізінің жағалауымен бүкіл Италия, Цизалпия Галлиясына дейін жетіп, Мутина маңындағы шайқаста Рим проконсулы Кассий әскерін күл-талқан етті. Рим сенатынан маза кетті. Олар көтерілісті басу үшін елдегі бүкіл әскерді жұмылдыруға кірісті. Құл иеленушілерден арнайы әскер жасақтала бастады. Оңтүстікке қарай бұрылған көтерілісшілерге қарсы жаңадан Красс армиясы, кейін Испаниядағы Гней Помпей басқарған армия, Фракиядан Марк Лукулл жасағы жіберілді. Апуллия мен Лукания шекарасындағы шайқаста (71 жыл, көктемде) Спартак армиясы күйрей жеңілді, өзі қаза тапты.

Объяснение:

Осы дұрыс

4,6(16 оценок)
Ответ:
Aidana1620
Aidana1620
26.09.2022
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
4,6(47 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ