Нұрдәулет Ақыш 1950 жылы 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Маңырақ ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1973). Республикалық «Мектеп», «Жалын», «Балауса» баспаларында, «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз», «Қазақстан мұғалімі», «Халық кеңесі», «Заң газеті», «Дат» газетжурнал редакцияларында, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясында қызмет атқарған. Қазір М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қазіргі қазақ әдебиеті бөлімінің меңгерушісі.
Республикалық ба өзде алғаш рет 1972 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде «Қиянда» атты әңгімесімен көрінген. Оннан астам көркем әдебиет кітаптарының авторы.
Балаларға арналған туындылары да бар: «Әбдіреден шыққан қылыш», «Киелі көлдің қарақшылары», «Бейуақта жанған от», т.б.
«Жігер» фестивалінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі конкурсының жүлдегері, Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. Филология ғылымдарының кандидаты. Көркем шығармалары мектеп оқулықтарына енген. Халықаралық сыншылар ассоциациясының дипломанты. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі.
Шығармалары: Жұмбақ іздер. «Жалын», 1980; Үндемейтін ұл. «Жалын», 1982; Қиырдан келген көгершін. «Жалын», 1984; Сынық домбыраның сазы. «Жалын», 1986; Таң алдындағы дабыл. «Жазушы», 1987; Необыкновенное лето. «Жалын», 1989; Жатақхана қыздары. «Жазушы», 1990; Ұры қыздың тағдыры. «Нұрпринт – 75», 2001; Алтынбек. «Балауса», 2003; Зұлмат жылдары қазақ прозасында. 2005; Текті әулеттің тұлғасы. «Нұрпринт – 75», 2008
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Эл. пошта: [email protected] 8 (7172) 79 82 06 (ішкі – 112) © adebiportal.kz
https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1284
Ең жақсы мамандық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Менің ойымша, дәрігер - ең жақсы әрі аса маңызды мамандық. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.