М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
hopas1
hopas1
11.09.2021 16:39 •  Қазақ тiлi

Обвычии традиции казаксого народа 5 предложений на казакском

👇
Ответ:
jadeholden451
jadeholden451
11.09.2021

Қазақта салт-дәстүр көп. Ол адам ана құрсағына біткеннен басталады. Оны құрсақ той деп атайды. Онан соң нәресте дүниеге келгенде шілдехана жасалады, онан соң нәрестені бесікке салады, оны бесік той деп атайды. Бала қырық күнге толғанда қырқынан шығару рәсімін жасайды, нәрестенің тырнағын, шашын алады, қырық қасық суға түсіреді. Нәресте тәй-тәй басқанда тұсау кесер тойы жасалады, бұл бала өмірде сүрінбей мақсаттарына жетсін деген тілекпен.

4,5(23 оценок)
Ответ:
AnnaFruzanna
AnnaFruzanna
11.09.2021

1) Сүйінши - бұл әдет, оған сәйкес үйге жақсы жаңалық әкелген саяхатшы үй иелерінен ризашылық ретінде бағалы сыйлық алады.

2) Конаккаде - дәстүр бойынша, үй иесі қонаққа ән айтуды немесе музыкалық аспапта ойнауды сұрауға құқылы. Конаккаде - қонақтың өнермен сынағы, сонымен қатар көңілді тойдың кепілі.

3) Асар - шұғыл, кейде ауыр жұмыстарды атқаруға мұқтаж отбасы туыстарын, достары мен көршілерін көмекші ретінде шақыруға құқылы. Істің соңында ассистенттерге бай дастархан жайылады.

4) Бастангтар - қазіргі жастар кештерінің ескі аналогы. Дәстүр бойынша, мұндай мерекелер ересектер кеткеннен кейін бірден өткізілді. Бастанг кезінде қонақтар әдеттегідей бір ғана тілегін білдірді - жолда саяхатшыларға сәттілік серік болсын және аурудан асып кетпесін.

5) Шілдехана - бұл баланың дүниеге келуіне байланысты мереке.

4,4(29 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
taton92p08oqp
taton92p08oqp
11.09.2021

Шығарма.

"Қыз Жібек" жыры.

Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.

Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі – Қыз Жібек пен Төлеген.Бұл екі жастың асқақ махаббаты туралы біз "Қыз Жібек" жырынан оқып,білдік."Қыз жібек" лиро-эпостық дастаны – қазақ халқының ең көне,асыл мұраларының бірі.«Қыз Жібек» жыры – аңыз емес, тарихи оқиға,кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері – Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар,бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды.Төлеген – нағыз лирикалық кейіпкер болса,Жібек – сұлулық пен әсемдіктің нышаны,қазақ халқының мақтанышы болды.Бұл екеуі бір-бірін құлай сүйгенмен,олардың бақытына Бекежан қастандықпен балта шапқан еді.Кейін Жібек қайсарлықпен сүйгенінің кегін алып, әмеңгерлік салт бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады.Бірақ,Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі,сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі – сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады.Автордың өзі: "Батырлық, байлық кімде жоқ,ғашықтық жөні бір басқа..." дей отырып Жібек пен Төлегеннің арасындағы махаббаттың адал екенін дәлелдей түседі деп білемін.

4,4(19 оценок)
Ответ:
Яра3838367373
Яра3838367373
11.09.2021
Денсаулық – зор байлық. Здоровье – клад бесценный. 2. Жарлының байлығы – дененің саулығы. Богатство бедняка – его здоровье. 3. Ауру атанды да шөктірер. Болезнь и верблюда – с ног валит. 4. Ауру кірді - әлек кірді. Болезнь пришла – беда в дом вошла. 5. Ауру батпандап кіріп, мысқалдапшығады. Болезнь входит батманами*, а выходит мискалями**. 6. Ауру кісі күлкі сүймес, Ауыр жүкті жылқы сүймес. Больной не выносит смеха, конь – тяжелую ношу. 7. Қотыр қолдан жұғады, Таз тақиядан жұғады. Болячки передаются через руки, парша – через тюбетейку. 8. Ауруын жасырған бөледі. Кто болезнь свою скрывает, тот со смертью играет. 9. Батыр бір оқтық, Бай бір жұттық. Бай – до первого джута, батыр – до первой пули. 10. Ағын судың арамдығы жоқ. В проточной воде грязь не держится
4,6(14 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ