Есік обасы - сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. 1969 — 70 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов, А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диаметрі 30 — 90 м, биіктігі 4 — 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған.
Қазақстанда ультра - күлгін сәуле жоққа жақын. Наурыз айынан бастап ол сәуле молая береді де, маусым, шілде айларында көбею шегіне жетеді. Одан кейін керісінше азаяды. Тәулік ішінде сағат 10 - нан бастап сағат 13 - ке дейін көп болады да, 15 сағаттан бастап азаяды.Жас баланы күннің көзіне сағат 10 - 12 - нің аралығында шығару керек. Далаға шығаруды алғашқыда сәуірден қыркүйектің аяғына дейінгі аралықта күн сайын 5 минуттан қосып отыру керек, ал қазаннан наурыздың аяғына дейінгі аралықта күн сайын 2 минуттан ұзарту жөн. Күнбе - күн осындай мөлшерде көбейте отырып, 2 - 3 сағатқа жеткізу керек.