4-тапсырма. Мәтін бойынша және картаны пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер. 1. Ұлы Жібек жолы өркениеттің дамуына қалай әсер етті?
2. Ұлы Жібек жолы қазіргі қандай мемлекеттерді байланыстыруға дәнекер болды?
3. Ұлы Жібек жолы арқылы қандай рухани алмасу жүрді?
4. Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қандай қалаларын басып өтті?
Бірде шаштаразда байқалған жайдың ұшақ жасау ісінде үлкен табыспен пайдаға асқаны туралы білсеңіздер .
Бірде – түбір сөз (жатыс септігінің көнеленуі арқылы жасалған үстеу);
шаштараз – түбірі (зат есім),+да – жатыс септігі жалғауы;
байқа – түбірі (етістік),+л – ырықсыз етіс жұрнағы,+ған – есімше жұрнағы;
жай – түбірі (зат есім),+дың – ілік септігі жалғауы;
ұш – түбірі (етістік),+ақ – етістіктен зат есім жасайтын жұрнақ;
жаса – түбірі (етістік),+у – тұйық етістік жұрнағы;
іс – түбірі (зат есім),+і – тәуелділік жалғауының 3-жағы,+нде – жатыс септігі жалғауы;
үлкен – түбір сөз (сын есім);
табыс – түбірі (зат есім),+пен – көмектес септік жалғауы;
пайда – түбірі (зат есім),+ға – барыс септігі жалғауы;
ас – түбірі (етістік),+қан – есімше жұрнағы,+ы – тәуелділік жалғауының 3-жағы;
туралы – септеулік шылау;
біл – түбірі (етістік),+се – шартты рай жұрнағы,+ңіз – жіктік жалғауының 2-жағы (сыпайы түрде),+дер – көптік жалғауы.