1 ЖАУАП  +2 дауыс Жақсы Жауап Шығарма тақырыбы туралы ақпараттар тауып берейін. Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. Өмірбаяны Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Анасының есімі – Гүлсім. Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905 – 1910 жылдары Қызылжардағы (Петропавл) №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы. қазақ тілі өзінің даласындай бай. қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз. ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. еліміз қазақстан республикасы егемен ел атанды. ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. тіл туралы заң қабылданды. президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі қазақстан республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды. тіл арасындағы қатынас құралы, өйткені қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз. тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. тіл халықпен бірге жасайды, , өркендейді.