іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Дизайнер болғым келеді.
Болашақ жайлы ойлағанымды мені жиі "қандай мамандық иесі боламын?" деген сұрақ мазалайды. Қай мамандықты алып қарасақ та өзіндік ерекшеліктері мен жақсы жақтары болады. Біреулер керемет дәрігер болса, енді басқалары ұлағатты ұстаз болады, ал менің арманым дизайнер болу, атап айтқанда киім дизайнері болуды армандаймын. Адам көркі шүберек екені сөзсіз, қазіргі қоғамның өзінде барған жерінде қанша ақылды болсаң да, үстіндегі киген киіміңе қарап алдымен баға береді. Дегенмен, сәнді әрі жарасымды киініп жүру - қазіргі заман талабы. Сондықтан, бес саусағынан бал тамған, ісмер дизайнер әрі тігінші болсам, мен өзіме және отбасыма қажетті сәнді және күнделікті киімдерді тігіп беруші едім. Мысалға, сәннен шықпайтын классикалық үлгідегі киімдер, немесе қашанда әркімнің гардеробында елеулі орын алатын шалбар мен жейделер. Ал, менің еңбегімді ұнатып, тапсырыс беретін жандар табылса, онда өзіме ұнаған іспен айналысып қана қоймай, ақша табатын едім. Сәннен қалмай әдемі киімдер тігу үшін үнемі біліміңді шыңдап, сән әлеміндегі жаңалықтардан да хабардар болу керек. Мен болашақта сән әлемінің астанасы саналатын Милан және Париж қалаларында өзімнің сән апталығымды өткізсем деп армандаймын.