М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
зайка584
зайка584
06.03.2022 21:27 •  Қазақ тiлi

Сөйлемді талдау Ол бұрын ауылда киетін қос етек көйлек, оқалы қамзол, асыл тасты биік сәукелесін тастап, қала сəніне, оның ішінде татар қыз-келіншектерінің киім үлгісіне қарай бейімделе бастаған. Үстіне қос етекті торғын көйлек, кестелі қызыл қатипа қамзол, басына асыл тастары шам нұрына шағылған, ақ жібек кіреукелі, биік сәукеле киген Айжан көзге оқшау көрінеді. Аппақ шатырдай кимешек-шаршысына қылау түспейтін, қызыл күрең қaтипа камзолының екі өңірінде қапсырмалы күміс түймелер үймелеген, екі қолының салалы саусақ- тары алтын жүзіктерге толы Ажардың қазіргі сәні де жұрттан өзгеше. Деме- жанның үстінде қасқыр ішік, түлкі тымақ, саптама етігі бар. Көкжал Барақ күпісін жамылып, қорылдаған қалпы дүниені басына көшіріп жатыр.

👇
Ответ:
pragravra
pragravra
06.03.2022

Қос етек көйлек-қыздар мен жас айелдердің ең бір сәнді қос етек көйлек.Қос етек әдетте ақ тусті қымбат жібектен,асыл матадан тігіліп таза жугнен тоқылады.

Оқалы қамзол-зермен көмперілген жеңсіз,жеңіл сыртқиім

4,8(75 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Laly009
Laly009
06.03.2022
Қазақтың ән өнері – сонау көне заманнан бері қалыптасқан халқымыздың асыл қазынасы, фольклордың музыкалық саласының бір тармағын құрайды.фольклор деген сөз ағылшын тілінен алынған. ол «халық даналығы, халық білімі, халықтың ауызша шығарған туындылары» деген мағынаны білдіреді. фольклор шығармалары халықтың әр дәуірдегі тұрмыс – салтымен, наным – сенімімен, күнделікті тіршілігімен тығыз байланыста туады. оларда өмірде болып өткеннің ғана емес, халықтың «осылай болса екен» деген арман, үміттері де бейнеленіп, табиғат, өмір құбылыстарына баға беріледі. ән – халықтың сүйіп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бір бай арнасы болып табылыды. көне заманнан келе жатқан ән – күй туралы халықтың аузында қалыптасқан көптеген мақал – мәтелдер, аңыздар, жырлар осының айғағы. халықтың: «сөз күміс — ән алтын», «ел көркі – қыз, той көркі — ән», немесе «ән өмір ұзартады» деген асыл сөздері осы өнерге арналған. қазақтың ұлы ақыны абай да ән мен күйдің құдіретін жырлап: құлақтан кіріп, бойды алар жақсы ән мен тәтті күй. көңілге түрлі ой салар әнді сүйсең, менше сүй – деген. ән мен күй шыққан күн, туған айдай дала жұртының тал бесіктен жер бесікке түскенге дейінгі жан серігі болды. ауылдан ауылға ән айтып, күй тартып жүрген диуаналар, бақсылар, жыршылар, сал – серілер өз өнерін көрсетіп, халықтың көңілін көтерді, айт пен той – томалақ, түрлі ойын – сауық, отырыстардың көркі болды.
4,8(29 оценок)
Ответ:
ЯрославР1
ЯрославР1
06.03.2022

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.

Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.

Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, а шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.

Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?

Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.

Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.

Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!

4,7(10 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ