1. Интернет қызметі дегеніміз - әлемнің түкпір түкпіріндегі адамдар мен мәліметтерді байланыстыратын желі.
2. Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...
3. Интернет желісіне қосылу үшін модем қажет.
4. Электронды пошта дегеніміз - ғаламтор беттеріндегі қызмет түрі. Электронды пошта арқылы достар мен туыстармен хат немесе түрлі бейне файлдар алмасып, хабарласып тұруға болады.
5. WWW дегеніміз ағылшын тілінде World Wide Web — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.
Объяснение:
Әлде қайда жолың түсіп Молдавияға бара қалсаң, Кишинев деген астанасының дәл ортасындағы бауда Пушкин көрді деген бір ағаш тұр. Оның да паспорты бар...
Дәл осындай Байшынар біздің Мыңбұлақтың Шоқыбас сайының өңірінде де бар. Мыңбұлақ Бостандық емес, әрине. Табиғаты да қаталдау. Шынар жарықтық сонда да өскен. Ал бұл ағаштың паспорты өзгеше. Қаңылтыр тақта қағылмаған, жазу жазылмаған. Бұл Шынардың ел-таңбасын адамдар тарих қамын ойлар салған жоқ. Тарих қамын ойлау қайда...
Ақпан айының «ақ мылтығы фашистердің оғындай қаңғыбас, қағынды болатын». «Ақ мылтық әсіресе қырық үшінші жылдың қысында құтырып кетті. Батыстағы қара мылтықтан қалыспаймын дегендей, апталап алты күн қатарынан соғатын сойқанды шығарды». «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен», Мыңбұлақтың өрісі боран болды.
Мыңбұлақтың отқа жағары таусылды. Ақ боран азынап тұрса, отын таусылып, пештің құдығы уілдеп ұлып тұрса, адам байғұс өз сирағын шауып жаққаннан кем бе екен. Ал бірақ өз сирағын өзі шаба алмайды. Енді не істейді? Сұрапылдан бетер азынаған азын аулақ малға адамдар тоқал тамдарының бұтағындағы ескі қамыс пен сабанды суырып бере бастады. Бұғат ағаштың өзін отқа жақты. Ал Бұғат ағаш пен Бұғат қамыс таусылғанда не істейді жұрт?
Соғысқа дейін бұл ауылда түтін басы сайын бір-бір киіз үй бар еді. Бәрі бірдей алты қанат ақ боз үй болмаса да, әркімнің басына шошайтары бар болатын. Сәуір туа сол үйлер Аспантау алқымындағы қызғалдақ жамылған жайлауға көшетін. Көшпенді өңірдің соңы сол болған шығар, өйткені қырық үштің қысында жұрт киіз үйлерінің сүйегін – керегесін, уығын отқа жаға бастады. Бұл жақсылық емес екенін біле тұра, бүгіннің өлмес қамын ойлады. Ертеңнен де үміткер: ертең соғыс бітер, ақжарылқап күн туар, сонда киіз үй де табылар деген. Бірақ соғыстан кейін ешкім қайтып киіз үй тікпеді. Бұл елде бір кезде киіз үйлер болғанының еміс-еміс елесі ретінде әлі күнге дейін кейбіреулердің мал қорасының төбесінде көне шаңырақ ілулі тұрады. Соғыспен боран қанша қасарысса да, Мыңбұлақтықтар киіз үйдің шаңырағын отқа жағуға дәті шыдамаған. Шаңырақ жағылғанша, сирақтары шабылғаны артық.
Отқа шаңырақты қимаған жұрт Мыңбұлақтың қарқарадай қасиеттісі, бөркіндегі үркідей аяулысы – Бақтияр баба бағына ауыз салып, балта шаба бастады. Әуелі бір-бірінен: «Әй, аруақ-құдайдан қорықсаңдаршы» – деп еді, артынан бұл сөз отын болмайтынына көздері жеткен соң тілдерін тістеп, Бақтияр бағына жаппай тиіскен. Әуелі майда шілік қиылды. Содан сүмбілтал мәжнүнтал, сөгетітал сөгілді. (Енді киіз үйге уық-кереге қайдан болсын!) Артынан ақ терек, көк терек қырқылды. Ал айналасы тып-типыл жалаңаштанып, жалғыз өзі аспандап қалған Байшынарға балта шабуға ешкімнің батылы бармады. Сүмбіл талды балта мен отаған түні әлде кімдер боран арасынан ыңырсып, кейде шыңғырып жылағандай
аң:Қарақұйрық сирек кездесін түр. Кейбір аудандарда саны азайып, мекендейтін жерлері тарылуда. Олар бекітілген төбешік құмда, шақпатасты және сазбалшықты шөлдерде, ойлы-қырлы құрғақ аңғарларда, сексеуіл, жүзгін, теріскен басқан тоғайларда немесе тастақты, құмды, сазды топырақты шөлді аймақтарда мекендейді. 1930 жылдардың ортасында Қазақстанда қарақұйрықтардың саны 200 мыңға жуық болған. Соның ішінде Үстіртте және Маңғышлақта 100 мың басқа дейін жеткен. Қазір Қазақстанда жалпы саны 30-50 мың бас.
құс-Мәрмәр шүрегей жойылып бара жатқан немесе мүмкін жойылып кеткен құстардың санатына кіреді. Қазақстанда 1995 жылдан бері еш жерде кездеспеген. Бұл аридтік зонадан тыс жерге шықпайтын, таралу аймаңы тар жерортатеңіздік түр. Олар Жерорта теңізіне, Каспийге және мүмкін, Қара теңізге жақын жерде, сондай-ақ оған іргелес жүйелерде қыстайды. Бұл құстың көп саны Түрікменстанда 30-шы жылдары Каспийде қыстаған. Қазақстанда бүкіл Сырдария бойында, Каспий теңізі, Телікөл көлдерінде, Жайықтың сағасында, ауылдың маңындағы көлдерде кездесетін. Олар көбіне түбі лай, суы сортаңданған тұщы суда және қамыс көп өсетін тоғандарда мекендейді.