М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
egorkapopec
egorkapopec
06.06.2023 05:47 •  Қазақ тiлi

Суретке қарап мәтін құру керек көмектесесіздерма


Суретке қарап мәтін құру керек көмектесесіздерма

👇
Ответ:
bogachea
bogachea
06.06.2023

Асан мен Үсен бірге көбелек куалап жүрген еді сол сәтте бір құлап жатқан балапанды көріп калды.Екеуі оны ұясына орнына қойуға шешім қабылдады.Балапанды ұясына қойып анасының келгенін күтті.Балапанның анасы келді!

осындансоң бес аласың

4,6(100 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
youliya16
youliya16
06.06.2023

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік Академиялық опера және балет театры 1934 жылы 13 қантарда Мұхтар Әуезовтың либреттосы "Айман-Шолпан" музыкалық қойылымымен ашылды. Иван Коцыко өңдеген халық өлеңдері мен күйлері орындалды. Қойылым көпшіліктің көңілінен шығып, әсері зор болды. Жаңа театрдың ашылуы бүкіл елге таралды.

Әрине, опера театры – бұл, ең алдымен, бүкіл өмірлерін ең әсем өнердің бірі театрға арнаған энтузиастардың, әдебиет қайраткерлерінің, сазгерлердің, жазушылардың, суретшілердің, жақсы вокалдық қабілеттері бар әртістердің ең сүйікті жұмысы. Бұл адамдар ұлттық мәдениеттің тарихына енген. Олардың іс-әрекеттері 70 жыл бойы дамып, жалғасуда. Олар бұрыннан бері Қазақстанның музыкалық мәдениетінің кемеңгерлері болып табылады: әртіс Күләш Байсейітова, режиссер Жұмат Шанин, әнші және режиссер Құрманбек Жандарбеков, әнші, режиссер және драматург Қанабек Байсейітов, биші Шара Жиенқұлова, әнші Манарбек Ержанов, суретші Анатолий Ненашев, жазушылар Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, сазгер Евгений Брусиловский.

Бірінші қойылымның нәтижесімен рухтанған, шабыттанған әнші-әртістер, кәсіптік білімдері жоқ режиссерлер шығармашылық құмарлықпен театрдың опералық репертуарын құруға кірісті. Е.Г.Брусиловский Қазақстанның ұлттық опералық өнерінің бастауын салған театрдың бірінші сазгері болып табылады. Театрда қойылған келесі қойылымдар: "Қыз Жібек" (1934), "Жалбыр" (1935), "Ер Тарғын" (1936).

1935 жылы Куйбышевский опера театрының базасында орыс опера труппасы құрылды. Кәсіптік ұжым қысқа мерзім ішінде (1936-1937 жж.) орыс және әлем опера классикасының тоғыз қойылымын жүзеге асырды. Бұл: "Кармен", "Евгений Онегин", "Пиковая дама", "Демон", "Фауст", "Аида" және т.б.

1938 жылы П.Чайковскийдің "Лебединое озеро" балеті балет труппасын құрылуының бастауын салды. Бұдан әрі "Конек-горбунок", "Раймонда", "Бахчисарайский фонтан" қойылымдары қойылды. Осы жылы В.Великановтың "Қалқаман мен Мамыр" атты бірінші қазақ балеті қойылды.

4,6(79 оценок)
Ответ:
nikodima2005
nikodima2005
06.06.2023
1)Қазақ елі Ыбырай Алтынсаринді қазақ педагогикасының негізін салушы, прозаик және ақын деп қана білмей, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп те таниды. Ыбырай - қазақ балаларын, жалпы қазақ ұрпағын сауатты әрі білімді болуын қалаған а тәрәбиесінде өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынған. Сонымен қатар, ол қазақтың жарқын болашағына асқан үмітпен қарады. Ыбырай болыс мектептеріндегі бірінші бөлімнің оқыту бағдарламасының әрбір ауыл мектептерінде болуын қалады және соған қол жеткізе алды. Нартырақ айта кетсек, ол қазақ қоғамының сауатын ашу тек бастауыш деңгейінен қалып қоймау керектігін алға тартқан. 

2)1884 жылғы 14 қыркүйекте Н.И.Иль­минскийге жазған хатында: «Ал енді құдай басыма не салса да мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан еш уақытта да қайтпаймын. Құдайым тек а ң жауыздық қы­лықтарына қарсы тұруға, нахақ жала-жапсардың күйігінен арманда кетпеуге дем берсін», – деп Алла та­ғаладан медет сұрайды. Бұл сөзі әрі оның елі үшін басын бәйгеге тіккендігінің дәлелі. «Менің оқу жұмыстарым, Құдайға шүкір, жаман жүріп жатқан жоқ», – деп Аллаға рахметін айтады. Екі-үш сөйлем ішінде Құдайды үш мәрте аузына алады. Бұл да Ыбырайдың хаққа сенгендігінің куәсі. Алланың ардақты елшісі Хазірет Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінде: «Ең жақсы адам – басқаға пайдасы тиген адам» дейді. Ыбырай елге пайдалы адам болғысы келеді. Хадисте: «Алла тағалаға құлшылық ет! Аллаға ешкімді теңестірме» делінсе, Ыбырай сол қағиданы ұстанып, Құдайға жалбарынып, күш-қуат беруін сұрайды.
Ол тұста еліне пайдалы адам болудың өзі қауіпті еді. «Отандас­тарына пайда келтірейін деп аға сұлтан болғысы келген» Шоқанның да, халық қамын жеп «мыңмен жалғыз алысқан» Абайдың да тос­қауылға тап болып, тауы шағылған. Ыбырай да солардың кебін киді.
1862 жылы 26 қаңтарда Н.И.Иль­минскийге жазған хатында: «Бір хатыңызда Сіз менің хатым­ды басқаларға көрсетіп едім, олардың бәрі де сені мақтады депсіз. Қайы­рымды Николай Иванович, маған олардың мақтауынан не пайда бар?» – деп қынжылады. Осы хатында «Менің бұл жағдайымда, құдайым маған көмек етсе және дәрменім жетсе, мен азды-көпті қазақ халқына ғана пайдалы бола аламын, ал басқа ұлттарға, халықтарға, әрине, түк пайдам болмайды», – дейді. Яғни, Ыбырай бос мақтанды жек көреді, бір ұлтқа ғана емес, бар халыққа жанашыр, пайдалы адам болуды көксейді.
Н.И.Ильминскийге 1864 жылы 16 наурызда жолдаған хатында «Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан да әсер етуге бар күшімді салып отырмын, – деп жазады. – Күлсеңіз күле беріңіз – мен кейбір оқудан бос уақыттарымда оларға ресми түрде молда да болып қоям; сөйтіп оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді қосып айтамын».
Мұсылман дінінде пара беруші де, пара алушы да күнәһар. Хадисте: «Пара алған адамды, пара бергенді және ортадағы делдалды Алланың қарғысы атсын», «Пара берген де, алған да отқа күйеді» делінеді.
4,4(100 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ