> 1-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (10-аудио). Жұбыңның түсінген, түсінбегенін білу үшін, оған сұрақтар қой. Қарым-қатынас этикеті Айналаңыздағы адамдарға жағымды қарауға үйреніңіз. Сауда орындарына барғанда, ашуланып сөйлемеңіз. Сатушыны және тауарды жамандамаңыз, басқаның таңдауын сыйлаңыз. Қарым-қатынасқа түсіп отырған адам туралы жағымсыз нәрсе айтпаңыз. Адамдардың алдында өз қателігіңізді мойындаудан ұялмаңыз. Сатушыдан кешірім сұраңыз, сонда ғана ол өзінің қателігін түсінеді, өзіне деген сыйластықты сезінеді. Басқаны тыңдап үйренуіңіз қажет. Бұл қасиет сіздің әдепті және тәрбиелі екеніңізді көрсетеді. Өзгелердің әңгімесіне кедергі жасамауға, сөзін бөлмеуге, олармен ұрыспауға тырысыңыз. Сатушымен сұхбатты жайдары және сыйластықпен өткізген жөн. Massaget.kz сайтынан )
Құстар — біздің досымыз Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес.Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның,саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді, Құс атаулының бәрі пайдалы.Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек.
1. Адамның денсаулығы-оның зор байлығы. 2. Жас дос денсаулықты бағалай біл. 3. Денің сау болу үшін дұрыс тамақтанудың маңыз зор. 4. Тазалық- денсаулық кепілі. 5. Денсаулықты ауырмай тұрып сақтау керек, ауырып ем іздеу өте қиын. 6. Денсаулық болу үшін жаман іс-әрекеттерден аулақ болу қажет: темекі шегу, арақ ішу сияқты. 7. Денсаулыққа уақтылы демалудың пайдасы көп. 8. Ұйықтар алдында таза ауада серуендесең, жақсы ұйықтайсың, ал ұйқынық денсаулыққа пайдасы бар. 9. Спорт- денсаулықтың жанашыры. 10. Қыста шаңғы теп, жазда көп уақытыңды таза ауада өткіз, бұл сенің денсаулығыңа пайдалы.
үш сұрақ
Объяснение:
1) Айналаңыздағы адамдармен қандай қарым-қатынас орнату керек?
2)Сатушымен сұхбатты қалай өткізген жөн?
3)Сауда орындарында не істеу қажет?