Объяснение:
Уәде – шыншылдық пен әділдіктің бауыры. Ал, опасыздық – өтірік пен әділетсіздіктің жақыны. Уәдеде тұру – тілмен шындықты айтып, іспен соны жүзеге асыру.
Уәденің түрлері:
Уәде екі түрлі болады:
Біріншісі: Аллаға қатысты уәде. Алла Тағала мен адамдардың арасындағы уәделесу. Мұны «Әл-мисақ» дейді, мағынасы «сөз, уәде беру», «келісім-шарт жасасу» дегенді білдіреді. Әл-мисақ – адам мен Алла арасындағы алғашқы серттесу. Құран Кәрімнің Ағъраф сүресінің 172-аятында “Әл-мисақ” уәдесі туралы айтылған. Жаратушы Иеміз адам ұрпақтарының арқаларынан нәсілдерін алып: أَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ “Мен сендердің Раббыларың емеспін бе?” – деп сұрағанда, олар: بَلَى شَهِدْنَا “Әрине куәміз” деп жауап қатты. Қиямет күні: “Бұдан хабарымыз жоқ демеңдер”,- деп ескертті. Қазақ қоғамындағы “Қашаннан бері мұсылмансың?” деген сұраққа “Әлімсақтан бері мұсылманмын” деп жауап беру салты осыған негізделген. Яғни, Алла Тағала әл-мисақта күллі а жалғыз Өзіне ғана құлшылық етуге, Оған еш нәрсені ортақ қоспауға уәде алды. Ендеше, әрбір пенде Аллаға берген осы уәдеге берік болуы тиіс.
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), филология ғылымының докторы (1945), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1958), Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңірген ғылым қайраткерi (1961). Оның редакциясымен Шоқан Уәлихановтың шығармаларының 5-томдық толық академиялық жинағы жарық көрді. Педагогика саласында Әлкей Марғұлан фольклор бойынша зерттеулерінің маңызы зор. Тұңғыш рет халық педагогикасының біртумалары шоғырланған Қазақ халқының аңыздарын, ертегілерін, жырларын іргелі зерттеді.