М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Angelina1409
Angelina1409
24.08.2020 23:10 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма.Мәтінді оқы. Тапсырманы мұқият орында. Уaқыт – бұл біздің өтіп жатқан өміріміз. Біз мұны көбіне біле бермейміз. Уақытымыз өтсе қуанамыз. Адамның босқа кеткен уақытын кері қайтару мүмкін емес. Біз өзіміз уақытты үнемдеп, босқа жібермеуге тырысуымыз керек. Мен үшінші сыныптың оқушысымын. Өз уақытымды құр босқа өткізбеуге тырысамын. Әрдайым сабаққа дайындалып жүремін. Бос уақытымда көркем шығармалар, қызықты ертегілер оқимын. Әртүрлі үйірмелерге қатысамын. Кейде уақыттың қалай зымырап бара жатқанын түсінбеймін. «Уақыттың бос өткені – өмірдің бос өткені» деп бекер айтпаған. Біз уақытымыз бен күш-қуатымызды дұрыс жұмсай білуге үйренуіміз керек. Біз үшін ең қымбат нәрсе – уақыт. Себебі, алтынды кез-келген уақытта сатып алуға болады. Ал уақытты ешқашан тоқтата алмаймыз. Әрбір сағатымызды дұрыс өткізіп, әрбір жұмысымызды дұрыс жоспарлап отыруымыз керек. Алтын уақытымызды жақсы істерге жұмсайық. Өскенде неге мектепте жүргенде уақытымды тиімді пайдаланып оқымадым деп өкініп қалмайық. Уақыт бізге берілген үлкен сыйлық. Алтын уақытымызды қадірлей білейік. (131 сөз) Тақырыбы: Тірек сөздер: Идеясы: Көтерілген мәселе:¬¬¬¬- Себебі:

👇
Ответ:
kopnina
kopnina
24.08.2020

1. уақыт

2. Алтын уақыт, ең кымбат, берілген сыйлық, тиімлі уақыт

3. Уақыт - біздің өтіп жатқан өміріміз

4. Біз үшін уақыт ең кымбат нәрсе

4,7(64 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
MAN1337228
MAN1337228
24.08.2020

Мағауинның "Бір атаның балалары" атты шығармасын оқып, мен Зигфрид деген баланы аядым, оның ұлты неміс болдғандықтан, оны ешкім өз отбасына алғысы келмеді. Бұл әділетсіз,себебі ол баланың ұлты неміс болғанына кінәлі емес. Бұл оқиға соғыс кездері орын алған, баланың ата-анасы болмай, ол балалар үйіне жіберілген. Кейін төраға балаларды әркім үйлеріне алсын деген бұйрық берді.Бір қария осы Зигфридты мен алайын, менің балам соғыста қаза болды деді. Олар ұзақ уақыт бойы бірге тұрды. Бір күні ауылдың балалары оны қазаншұңқырдың қасына ойнауға шақырды. Зигфрид балалардың сана сезімі дұрысталды деп ойлап,ойнауға барды.Балалар оның үстіне балшық шашып тастап, ол жылады. Маған осы шығарма өте ұнады,себебі мейірімді адамдар өмірде әлі де бар екен және олар байғұс баланың тағдырына немқұрайды қарамайтынына көзім жетті.

4,6(50 оценок)
Ответ:
delfin4
delfin4
24.08.2020
Камал ӘЛПЕЙІСОВА "Олимпиадашыларға тілек" 

Дүбірлі дода басталды, 
Өрендерім, барып кел, 
Сайысқа түсіп, намыстың отын жағып кел! 
Үкілеп қосып бәйгеге, 
Үмітін артқан еліңе 
Жеңісті жұлып алып бер! 

Бойыңда қайрат тасытып, 
Қарсыласты жасытып, 
Бұла күшті жайсаңдарды танып көр. 
Күш пенен өнер жетерлік 
Қазақтың туын көтеріп, 
Алтыннан алқа тағып кел! 

Басталды бәйге, бауырым, 
Тимесін жерге жауырын, 
Жер шарындағы желпінтіп қазақ қауымын! 
Танысын әлем, мойындап 
Жеңудің мүмкін емесін 
Сайын дала мен тау ұлын! 

Бата алдың халқыңнан, 
Алқа тақ  күміс, алтыннан 
Сал күшіңді, айнал бір сәт намысқа! 
Әнұранды қалқытып, 
Жеңіс туын жалқы тік 
Жан алысып, жан беріскен сайыста! 

Бәйгеге түсер шағыңда, 
Нық сеніммен адымда, 
Қара орман халқың өкініп «қап!» демейік! 
Желбіресе туымыз, 
Қалықтаса әніміз, 
Бұл – еліңнің, бар қазақтың мерейі! 
4,8(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ