М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
drazzgaming
drazzgaming
21.10.2021 05:18 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнымен танысыңыз. Негізгі кейіпкерге автор берген мінездемені түсіндіріңіз. Бала қандай? Мінездеме беріңіз. Ертеде бір бала өмір сүрген екен. Ол достарымен бірге доп қуалап, балалық шағын қызықты өткізеді. «Уақыты» да үнемі жанында бірге қуанып жүретін. Теледидар қарауға да, кітап оқуға да, достарымен ойнауға да уақыты жететін. Уақыт екеуінің арасында еш қиындық тумайтын.
Ол өскен соң әріптестері, қиын жұмыстары пайда бола бастайды. Бірде көлікті жөндеу үшін, енді бірде сүйіктісімен қыдыру үшін бала Уақытты аздап қысқартуды әдетке айналдырады. Ал Уақыт оның соңынан күлімсіреп ере береді.
Баланың достары оған қиындықтарын айтып, көмек сұрайтын. Ал бұл қиындықтардың әрқайсысы оның Уақытын қажет ететін. Ол уақытты өлтіргісі келмесе де, басқа адамдар үшін көп уақытын жоятын. Жездесі қалаға барып келуді өтінсе, енді бірде көршісі бірге отырып шай ішуді сұрады. Мұнымен қатар, теледидар, телефон, компьютер деген уақытты алатын нәрселер тағы бар.
Есейген шақта бала Уақытпен мүлдем қош айтысады. Күндердің бір күнінде оған баласы келіп:
Әке, хайуанаттар бағына немесе киноға барайықшы! – деп өтінеді. Ол:
Балам, кешір! Менің уақытым жоқ! – деп жауап қайтарады. Баласына есейген соң хабарласып:
Балам, маған неге телефон шалмай кеттің? – деп сұрайды. Сонда баласы: - Әке, айыпқа бұйырмаңыз. Менің уақытым жоқ! – деп жауап берген екен.


1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнымен танысыңыз. Негізгі кейіпкерге автор берген мінездемені түсіндір

👇
Открыть все ответы
Ответ:

Сотқар мысық.

Әкем менің туған күніме қара ала,мамық жүнді мысық әкеп берген болатын.Алғаш көргенімде мысығым сүйкімді әрі қорқақтау болды.Оның үлкен дөңгелек көздері,басының көлемінен үлкендеу құлақтары мені өзіне баураған еді.Қазір мысығымның менің үйімде тұрып жатқанына екі жылдай болыпты.Оның бойынан,әрекеттерінен өзгешіліктерді байқайтын болдым.Мысығым көп ұйықтайтын болды және біз тамақ бермесек көрші үйлерден ұрлап жеп келетінді шығарды.Алысқа ұзап кетпесін деп мен оған жиі тамақ беріп тұруды жөн көрдім.Алайда ол көп уақыт үйге келмеуін жалғастыра берді.Бір күні оны сыртынан бақылайын деп тамақты ыдысына салдым да  келесі бөлме есігінен қарап тұрдым.Ол тамақты бір екі рет жалады да тістеп алып далаға шығып кетті.Енді терезеден қарасам,сыртқы есік алдында үш мысық тұр.Ал менің мысығым тістеп апарған тамағын солардың алдына тастады.Бұл төртеуге тағы екеуі қосылды.Осылайша,мен мысығымның сотқар әрі қамқор мысықтардың бірі екендігіне көзімді жеткіздім.

4,7(89 оценок)
Ответ:
klikedfrite
klikedfrite
21.10.2021

Сотқар мысық

Біздің үйімізде кішкене мысығымыз бар. Бәріміз оны жақсы көреміз, өзі сондай сүйкімді, ойнағанды жақсы көреді. Енді бір күні мысығымыз не істеді десеңізші? Анам жұмысқа кетерде кешкі тамақ әзірлеуге мұздатқыштан балық шығарып кетпей пе, кешке дейін жібіп тұрсын деп. Сөйтіп, мен сабақтан ерте келіп кешкі ас дайындамақ болсам, әлгі сүйкімді мысығымыз жібіп тұрған балықты жеп қойыпты. Не күлерімді, не жыларымды білмей, ақырында басқа тамақ әзірлеуге тура келді. Бұл оқиға біразға дейін есімізде қалатын болды. Содан бері мысығымыздың екінші аты "сотқар мысық" болды.

4,5(86 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ