Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.
1914-1917 жылдары болашақ Түрксібтің бір бөлігі Жетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей) 122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты 1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына 1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынған Ақмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
ответ
Объяснение:
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау, әлеуметтік мәселелерге қатысты өткір сөйледі. Бірқатар шенеуніктердің атына әділ сын айтылды. Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша қабылданған карантин шараларын күшейту жөніндегі шешімді қолдаймын және орынды деп білемін.
Egemen Qazaqstan
Әрине, бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласына, басқа да салалардың жұмысына қатысты айтылып жатқан сыни пікірлер аз емес. Десек те, кінәнің бәрін соларға аудару қаншалықты әділетті?!
Айталық, өзім тұратын үйдің маңында дәмханаларда бетпердесіз, сақтық шараларын сақтамай отырған жастарды жиі көремін. Көшеде дәл солай жайбарақат серуендеп жүргендер аз емес. Күн сайын жан-жақтан ауруға шалдыққан, өмірімен қоштасқан адамдар туралы жаманат хабарлар жетіп жатқанда бұлай жайбарақат жүруге болмайды.
Менің таныстарымның арасында да ауырып жатқандар, қайтыс болғандар бар. Таныс кәсіпкердің жұмысындағы 100 адамның қырықтан астамы ауру жұқтырды. Бір фермердің қол астындағы 160 жұмысшының жүзден астамы ем қабылдауда. Кей адамдар ауруды қатты қиналмай, өз күшімен жеңіп жатыр. Енді біреулер бірнеше күннің ішінде ауыр жағдайға ұшырауда. Әлеуметтік желіде қаралы хабар жеткізген, бір-біріне көңіл айтқан, денсаулығын сұрасқан жазбалардан көз сүрінеді. Мұндай жағдайда карантин шараларын күшейту туралы шешім әрине, орынды болды. Алдағы уақытта карантин мерзімін ұзарту да артық болмайды.
Мемлекет үшін ең басты құндылық – адамдардың өмірі мен денсаулығы. Экономикалық қиындықтың орнын уақыт өте келе толтырамыз, ал адамдардың өмірі мен денсаулығын ешқашан қайтара алмаймыз. Сол себепті барша жұртты мемлекет тарапынан қабылданған қатаң карантин режіміне түсіністікпен қарауға, қолдауға және тәртіп сақтауға шақырамын. Әр азамат өз денсаулығы үшін бірінші кезекте өзі жауапты. Аталарымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп тегін айтпаған, сол қанатты сөз қазіргі таңда өте өзекті.