ответ:Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап біле алмайды. Рақымдылық, мейірбандылық, әртүрлі істе а өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар - жүрек ісі. Асықтық та - жүректің ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады. Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз.
Қазақ та а ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады. Білімді білсе де, арсыз, қайратсыздығынан ескермей, ұстамай кетеді. Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі - пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда, батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Әйтпесе құдайға терістіктен, не ар мен ұятқа терістіктен сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі, үнемі жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын өзі бір тексермей кеткен кісі, тәуір жігіт түгіл, әуелі адам ба өзі?
Объяснение:
Міне қыс мезгілі де келді. Терезеге қырау өз өрнегін салыпты. Кеше түнде қар жапалақтап жауып тұрды. Мені досым таңертең (досыңның аты, мысалы Жансая) төбешіктен сырғанауға шақырды. Мен далаға шықтым, айнала аппақ. Көрініс тамаша! Біз Жансаямен бірге төбешіктен шаңғымен сырғанадық. Бізге тағы көршілес достарым қосылды, біз олармен бірге қарды домалатып, үлкен аққала жасадық. Әркім үйінен сәбіз, сыпырғыш, шелек, шарф алып келді. Аққала жасау өте қызықты болды. Біз тоңып қалдық, бетіміз алмадай қызарып, әркім өз үйіне тарады. Кешке отбасыммен мұзға барып сырғанауға келістік. Мен мәнерлеп сырғанап білмедім, маған әпкем немесе ағам үйретті, тез үйреніп алдым. Осылай менің қыс мезгіліндегі бір қызықты күнім өтті!
⬆️⬆️⬆️⬆️⬆️⬆️⬆️вот
Объяснение:
дұрыс деп ойлайм