М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
svistmi20061
svistmi20061
14.08.2020 12:01 •  Қазақ тiлi

Асанқайғы Сәбитұлы Өмірбаянына конспект


Асанқайғы Сәбитұлы Өмірбаянына конспект

👇
Ответ:
Алинаwlis
Алинаwlis
14.08.2020

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы(14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ.Әз Жәнібекханның ақылшысы болған. Әкесі СәбитАрал өңірініңСырдарияжағасын мекен еткен.Қызылорда облысыШиелі ауданы«Жеті әулие»қорымындағыАсан ата кесенесіАсан Қайғы мазарыделінеді.Оның өмір сүрген тұсы Алтын орда және қазақ халқының қалыптасу кезеңіне сай келеді. Асанқайғы шығармашылығында негізгі орын алатын қазақ тұрмысының өзекті мәселелерін арқау еткен философиялық-нақылдық жанрлар: толғау, терме, шешендік сөздер болып табылады. Асанқайғының шығармаларын жинап, зерттеуменШ.Уәлиханов, Г.П.Потанин,М.Ж.Көпеев, С.Сейфуллин, М.Әуезов тағы басқа айналысты. Жыраудың ақындық мұрасын бастыру XIX ғасырдың соңында басталды.Асан Қайғы заманында Алтын Орда ыдырап, оның орнына Қырым, Қазан, Өзбек хандықтары пайда болды. Ноғай ордасы тарап, Қазақ хандығының тарих сахнасына шығуы хандықтар арасындағы қым-қиғаш талас-тартысты аласапыран кезеңмен тұспа-тұс келді. Кейінгі ұрпақ әулие танып, аты аңызға айналған «көшпелілер философы» (Ш. Уәлиханов) атанған Асан Қайғы «өзінен қалған қысқа сын болжаулары, өсиеті арқылы өзінің жайынан да, заман аңғарынан да бірталай көрініс, білік-дерек береді» (М.Әуезов)

Асан Қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ол баласы Асанды ес білгеннен осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқынын қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға, шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі. Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды.

4,7(82 оценок)
Ответ:
Вettу
Вettу
14.08.2020

Асанқайғы-ойшыл, жырау, философ. Асанқайғы XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, XV ғасырдың ортасында ғұмыр кешкен. Жыраушының шын аты-жөні—Хасан Сәбитұлы. Ол Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Ш. Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының болашағын ойлаған «дала философы». Хасан Сәбитұлы мемлекет қайраткері болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысында,«Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі «Асанқайғы мазары» деп аталды.

4,4(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Solncelunatik
Solncelunatik
14.08.2020

Металлургияның дамуы-ел экономикасының дамуы

Металургияның дамуы біздің экономикамыздың дамуымен тығыз байланысты. Егерде елімізде барлық заттар өндірілетін болса, шет елден сатып алмас едік.

Кен өндіру өнеркәсібі мен металлургия Қазақстандағы ең бәсекеге қабілетті және қарқынды дамушы салалардың бірі болып табылады. Қазақстанның жер қойнауында Менделеевтің периодтық жүйесіндегі 100 шақты химиялық элемент табылған, олардың 60-астамы коммерциялық қолданыста.

Металургияны дамыту қазіргі кезде аса маңызды, алдыға қойған мақсат болып отыр. Қазақстанда қазіргі таңда барлық элемент бар, бірақ ең өкініштісі оларды өндіретін өндіріс кешендері болмай тұр. Өндіріс кешендері болмағандықтан біз метеллдарды шет елдерге сатылып жатырмыз. Қазіргі таңда өндірістік кешендерді салу және сол жұмысты жүргізетін мамандар дайындалуда. Ғылыми-техникалық бағдарламасымен шағын және орта өндірісін құру жолымен, ғылыми әзірлемені іске асыру және жоғары тауарлы дайындықтағы бәсекеге қабілетті өнімдерін шығаруға күш салып жатыр.

Объяснение:

4,5(73 оценок)
Ответ:
potehin30
potehin30
14.08.2020

ответ:Журналист - қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол жаңалықты халыққа таратушы болып табылады.

Журналист - газет-журнал немесе радио мен теледидар] жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіліп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол заман, уақыт ағымын жақсы түсіну тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білген жөн.

Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, уақытпен санаспау керектігін білдіреді. Журналист өз ісіне адал берілген мамн болуы тиіс. Соңдай-ақ, журналист көпшіл болуы, жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек.

4,6(92 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ