Кез-келген адамның өз қиындығы, яғни әлсіз тұсы болады. Кейбіреуі онымен өмір бойы арпалыса, кейбіреуі сол қиындыққа көндігіп, беріле салады. Бірақ, өз қиындығың жеңе білген адам ақылды әрі мақсаты айқын адам. Қиындықты жеңу жолында кедергілермен қоса, бар қасиетімізден де айырылуымыз мүмкін.
Қиындық мен үшін бұл – жалғыздық. Иә, дұрыс түсіндіңіз! Мен жалғыз болудан қорқамын. Жалғыздық — басқа адамдардан оқшаулаған, өзгерген жағдайға ұшыраған адамның эмоциялық күйіне ықпал ететін психогендік факторлардың бірі. Кей жағдайларда жалғыздық мен үшін ең жаман нәрсе болып саналады. Ал, қазір бұл қорқынышымды толық жеңдім деп айта аламын.
Біріншіден, егер сіз өзіңізді жалғыз сезініп қорықсаңыз, айналанызға мән берініз. Соның ішінде сіздің жақын сырлас досыңызда болуы мүмкін. Олай болмаса ол адам сізбен дос болғысы келеді. Яғни менің айтқым келіп отырғаным, жалғыз болғыңыз келмесе, алғашқы қадам жасаңыз. Достасыңыз, араласыңыз немесе тіпті сырласыңыз. Дәл қазірден бастаңыз, ол адамдардың біреуі жаныңызда болуы ғажап емес.
Екіншіден, адам ешқашан жалғыз болмайды. Адамды жалғыз қалдыратын өз басыңдағы кері пікірлер. Әрине біз ол туралы ойлаңбауымыз қажет. Бұл бойдағы жаман қасиеттен арылуға тең. Сіз осылай істеу арқылы, жалғыздықты жеңе аласыз.
Үшіншіден, тек өз пікіріңізбен ғана қалуды шектеңіз! Ерекшеленбеңіз деген сөзім емес. Керісінше, айналаңызға назар аударыңыз. Оларды да бір сәтке болсын тыңдаңыз, қолдаңыз. Сонда ғана сіз өзіңіздің ойыңызға ұқсайтын адамды таба аласыз. Яғни, жалғыздықты жеңеміз.
Түркістан — Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. [4]. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Археологтар ертедегі Ясының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. 7—12 ғасырлар- да Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. 9 ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819 жылы аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, 10 ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. 12 ғасырдың 1-ширегінде қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Ясы өлкенің орталығына айналды. Қожа Ахмет Ясауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа бөленді. Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басы¬на мазар тұрғызылды. Ол касиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті
Түркістан облысы (2018 ж. дейін Оңтүстік Қазақстан облысы) – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962–1992 жылы Шымкент облысы деп аталды. Ал 2018 жылғы 19 маусымда Қазақстан Президентінің жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан деп аталды, ал оның әкімшілік орталығы Шымкенттен Түркістанға ауыстырылды; Шымкент республикалық маңызы бар қала мәртебесін алып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамынан алынды.
3әлемнің жеті кереметі