Бұрынғы заманда Ай мен Күн деген екі ағайынды болыпты. Екеуі де елін найзаларының ұшымен, білегінің күшімен қорғап жүрген батырлар болыпты. Екі ағайынды, бір елді басқарып отырған ханның ұлдары болыпты .
Ай үйдің кенжесі болғандықтан ата-аналарының сүйікті баласы болады.
Сол себептен де екі батырдың әкесі оларға өз хандығың бөліп беретін кезде, жердің көп бөлігін кіші ұлына береді екен, Алайда Айға бұл жердің көлемі жеткіліксіз болады. Әрдайым өз қалағанын алып үйренген, Ай Күнің жерін өзіне тартып алуға шешім жасайды . Айдың жанындағы кеңешілері оның шешімін қанша өзгерткілері келгенімен, Ай өз айтқанынан қайтпайды.
Солайша, ол өз ағасы Күнге қарсы шығып, оны шайқасқа шақырады , Екі тәулік бойы
шайқасқан Ай мен Күн қатты шаршайды ,Соңында Айға күтпеген жерден Күн келіп бетін қылышпен ұрып жібереді. Сол уақыттан бастап Ай тек түн уақытында ғана шығып отыратын болды, әрі бетіндегі үлкен тыртықты тығу мақсатында жарты бетін ғана көрсететін болды. Ал Күн қалған тәулік уақытында шығады.
Объяснение:
Алғашқы адамдар ежелгі заманда өмір сүрген. Олардың әр қайсысы әр алуан затқа табынған. Мысалы ежелгі Египетте мысыққа табынған деген түсінік бар. Ал адамдардың сенімі әр түрлі кейбіреуі мүсіндерге не болмаса жануарларға табынған. Ал олардың әр түрлі наным сенімдері болған. Мысалы мүсіндерге табыну оларға алтын заттар беріп табынған соның арқасында ол біздің күнәмізді кешіреді деп ойлаған.