Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.
Бұл шығарма шиеленісті оқиғадан басталып одан әрі өрбиді. Алғашқы оқиға Темірбектің өзінің құрбысын, нақтырақ айтқанда болашақ жарын үйіне қонақ ретінде әкелуден басталып отыр. Сол кезде Нәзиләнің бір ауыз сөзінен үйде ұрыс шығып Гауһардың ренжіп кетуімен аяқталуын айтады. Жалпы шығармада Қамажай өте сыпайы, мейірімді адам жан-жақтан келген қыспақтардан соңында ауруға шалдығады. Қабденнің Қамажайға жасаған ұсынысы тосыннан болғандықтан, ол ойланбай жауап береді. Бірақ жүрегінде өтеүлкен сезімді жасыра алмайды. Кәмила өзінің баласын алдырып тастағандықан, Қамажай оны шапалақпен тартып жібереді. Оған ашуланған Темірбек үйінен кетіп қалады. Қамажайдың шарасыздығы сонша келінінен кешірім сұрауға дейін барады.Бірақ соңынан Темірбек бұл ісіне өкініп, кешірім сұрап келеді.