4-тапсырма. Неге басқа тілден енген сөздер сөзжасамға бәсең түрде қатысады деп ойлайсыңдар? Ойларыңды мысалдармен дәлелдеңдер. (А) Бір сөзді таңдап алып, сол сөзден туынды сөздер жасаңдар. Сыныптағы ең көп туынды сөз жасаған оқушыны анықтаңдар. (? ә) «Керек дерек!» мәтінінде сөз деген сөздің неше рет және қандай тұлғада кездескенін табыңдар. Yno
Табынатын тәңірім, ием де - сен.
Адам болып күн кешу қиын маған.
Арқа тұтып, өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Өзіңше түсің де ерек,ісің де ерек,
(Сырым бар саған айтар ішімде көп.)
Қомағай көзімді бір тойдыра алмай,
Қорқамын бәрі осының түсім бе деп.
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!...