Берілген сұрақтарға жауап:
III деңгей
1)Мамандық таңдау;
2)Қанатсыз құспен тең;
3)Арманшыл адам;
4) Өрт сөндіруші, тігінші, биші, журналист, кеден қызметкері, полиция қызметкері, спортшы, ұшқыш, ғалым, ғарышкер, аудармашы, инженер, бағдарламашы т.б.
5) Болашақта өмірден өз орнын табу үшін қажет.
6) Ата-ананың,ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып,түсініп оқу.
2 тапсырма.
Болашақта мен аудармашы мамандығын таңдамақпын.
Ұлттық консерваторияда білім алып жатқан әпкем жақында концертте ән айтпақ.
Мектебіміздің мерейтойына жиналған қауым мектебіміздің тарихымен таныспақ.
Болашаққа апарар жол мектеп қабырғасынан басталмақ.
Жақсы оқып, ата-анасы мен ұстаздарының ізгі өсиетін бойына сіңірген жас ұрпақ болашақта үлгілі азамат болмақ.
II деңгей
Мамандық таңдау- әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. « Армансыз адам , қанатсыз құспен тең” дейді халық. Барлық а ң арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз қабілетіне қарай таңдап алады. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады. Осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің , қоршаған ортаның алар орны ерекше. Сондықтан да ата – ананың , ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып , түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ.
Берілген нақыл сөздердің мәтінмен тікелей байланысы бар, себебі барлығы да мамандық таңдау мен болашақ жайлы айтылған.
I деңгей
Адам өміріндегі отбасы, ұстаз бен мектептің рөлі ерекше екені барлығымызға белгілі. Отбасы шағын Отанымыз, тәлім-тәрбиенің, мейірімділік пен сүйіспеншіліктің рдасы болса, ұстаздарымыз бізге екінші анамыздай жақын адамдар. Олар бізді білім нәрімен сусындатып, бойымызға ізгілік нұрын дарытады. Ал мектеп болса, отбасы, ұстаз бен оқушының арасындағы алтын көпір, алтын ұямыз.
Адам құлағынан семірер.Екі кісі ығысса,
Бір кісілік орын бар.Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.Бұрынғының кісісі —
Бүгінгінің кішісі.Ағаш көркі — жапырақ,
Адам көркі — шүберек.Кісі аты тершіл,
Кісі киімі кіршіл.Кісідегінің
Кілті аспанда.Кісі қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.Адам құлақтан азады,
Қаңқудан тозады.Әлсіз адам — сүріншек,
Ақылсыз адам — еріншек.Адам аласы ішінде,
Мал аласы сыртында.Жақсы адам — елдің көркі,
Жауқазын гүл — жердің көркі.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.Көкірегі жел адам — өр кеуде,
Көкірегі көр адам — жай пенде.Адамның сырты — алдамшы.Адам қайғысы — заман қайғысы.Бір адам — самал,
Екі адам — амал,
Үш адам — жамал,
Төрт адам— қамал.Адамның құлқы түзелмей,
Өмірдің құлпы түзелмейді.Желауыз адамға, сыр айтпа,
Жебір ауыз адамға, мұң тайпа.Асауды бас білдіретін жігіт бар.
Адамды аздырмайтын үміт бар.Адамға адам жат емес.Адам ойға тоймас,
Бөрі қойға тоймас.Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер - соқпақ,
Мың адам жүрген жерде жол қалады.Адам қайғысы - заман қайғысы.Адам бір-біріне қонақ.
Ас – адамның арқауы.Аштық ас талғатпайды.Өзi тойса да көзi тоймайды.Сыйлап берген су да тәттi.Тату үйдiң тамағы тәттi.Ат адамның қанаты,
Ас адамның қуаты.Ықыласпен берген су да ас.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.Қарны ашқан қазанға қарар.Ер азығы мен бөрi азығы жолда.Жарты құрсақ пайда,
Бүтiн құрсақ қайда.Қарны ашқанға қара нан да май татыр,
Шөлдегенге қара су да бал татыр.Дастарқанда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.Жұмыс ауыр болса да нан тәттi.Нан болса, ән де болады.Нан – тамақтың атасы.Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.Егінші нанын жейді, еріншек арын жейді.Жақсы еңбектенсең – ауызың нанға тиеді,
Ерiнiп еңбектенсең – ауызың тасқа тиеді.Өле жегенше, бөле же.