М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
alenka0810
alenka0810
02.09.2021 13:45 •  Қазақ тiлi

эсс на тему Каждый человек должен знать три языка на казахском с русским переводом

👇
Ответ:
kalinin11ccc
kalinin11ccc
02.09.2021

Тіл – халықтың ең негізгі байлығы. Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» – деген даналық сөз бар. Тіл білу – байлық. Әсіресе, өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе, көп тілді игерген азаматтарға қарап қуанатынымыз да белгілі.

Үш тұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі. Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады.Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті. Қазақстанның білікті, білімді әр азаматын ғаламдық ақпараттар мен инновациялық ағынына ілесу ағылшын тілін үйренуге жетелейді. Бұл бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудың ең алғашқы сатысы болып саналады. Өйткені қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада жұмыс істесе де жолы ашық.

Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін, орыс тілі ұлтаралық қатым-қатынас тілі, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.Қазақстанда тіл үйрену мәселесі ерекше маңызға ие. Тілдерді оқыту орталығында оқитын тыңдаушылар бұл тілдің тек қана бір қатынас құралы ғана емес, ол сол халықтың тарихы, мәдениеті, өмір салт­-дәстүрін, толық болмысы мен бет-бейнесін көрсететінін ұғына отырып, оқу үрдісінде аталған жайлар туралы пікірлерін жиі ортаға салып отырады.

Күнделікті қызметте классик жазушы С. Мұқановтың «Әркімнің туған тілі - туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе» деген сөздерін мысалға ала отырып, түсіне, ұғына білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды. Өз ана тіліңді қадірлемей, ел-жұртыңды сүйе алмайсың. Әр азамат ана тілінің бай қорын игерумен бірге орыс, ағылшын тілдерінің де асыл қазынасынан сусындап, оны іске асыра білгені де жөн.

4,8(53 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nikaa5522
nikaa5522
02.09.2021
Қазақстан халқы ассамблеясы  — 1995 жылғы 1 наурызда қазақстан республикасының президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1]  ел президенті  н.ә. назарбаев  қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясын алғаш рет  1992 жылы  тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты тұрғысынан туындаған еді. аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. жиырма жылдық тарихында ассамблея қарқынды , елеулі өзгерістерді бастан кешірді. оның барысында н.назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. осы жылдар ішінде қазақстан халқы ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. 
4,6(43 оценок)
Ответ:
tinahovsepyan
tinahovsepyan
02.09.2021

аумағы 469620 га. бақтың құрамына  қапшағай бөгенінің  солтүстігі бөлігі мен  іле  өзенінің оң жағалауы, жетісу (жоңғар) сілемдері:   кіші  және  үлкен қалқан,  ақтау,  қатутау, дегерес,  матай, шолақ,  қояндытаутаулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «әнші құм»  («айғай құм») кіреді. қапшағай бөгенінің оң жағалауындағы тау етегі жазықтығында көптеген қорғандар (мысалы, сақ хандарының қабірі – тигрхауда, 7 – 4 ғасырлар), тау сайларында әр түрлі жануарлардың суреті салынған жартас көрмесі бар.

климаты[өңдеу]

бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. жылдық жауын-шашын мөлшері 330 мм-ден аспайды. қаңтардың орташа температурасы – 8,6°с, шілденің орташа температурасы 26°с. қар аз түседі, ол жабайы жануарлардың қыстап шығуына қолайлы жағдай туғызады.

өсімдігі мен жануарлар дүниесі[өңдеу]

бақ флораға бай, онда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1500 түрі, «қызыл кітапқа»  енген 22 түрі (мысалы, мүсілім сылдыршөбі, қопал таспашөбі,  іле бөріқарақаты, т.б.) бар. бақ жануарлар әлеміне де бай. омыртқасыздардың ішінде ең көп кездесетіні – өрмекшітәрізділер мен жәндіктер. жәндіктердің 5000-нан аса түрі белгілі, оның 25 түрі  қазақстанның қызыл кітабына  енгізілген. мысалы,  галузо отынкескіш қоңызы,  сольский барылдауық қоңызы,  дала сколиясы,  жолақты тораңғы көбелегі, т.б. омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. қтың 20 түрі, оның ішінде 3 түр эндемиктер (қаш алабұғасы, қаш шармайы, бір түсті салпыерін) болып саналады. қосмекенділерден жасыл құрбақа, қызылаяқ бақа және көлбақа бар. бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі кездеседі. мысалы,  қалқантұмсық жылан,  дала тасбақасы,  жалтырауық жармасқы,  оқжылан, т.б. құстардың 200 түрінің 174 түрі саябақта ұялайды. 18 түрі «қызыл кітапқа» енгізілген, мысалы,  қара дегелек,  қшы тұйғын,  жұртшы,  үкі, т.б. сүтқоректілердің 70-тен астам түрі мекендейді, олардың ішінде ортаазия тас сусары,  шұбар күзен, ортаазия өзен құндызы,  тянь-шань арқары  және  бозтүсті ергежейлі қосаяқ  қорғауға алынған. саябақта  1976  –  77  жылдардан бері ақ бөкендер, 400-ден аса құлан мекендейді. табиғатта сирек кездесетін бір түр –  пржевальский жылқысы  дүние жүзінде бірнеше зообақта ғана сақталған.  2003  жылы саябаққа  германиядан  бірнеше жылқы әкелініп, жерсіндірілді. саябақта табиғат шежіресі жүргізіліп, жан-жақты жабдықталған бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.

саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таң және суреттер салынған үңгірлермен тастарға бай. сақ дәуірінде салынған «бесшатыр»  ң маңызы үлкен.  ш.ш.уәлихановтың  тарихи-мемориалдық мұражайы осында орналасқан. саябақта өсімдіктердің 1800 түрі: қаш сексеуілі,  баялыш,  шырша,  үйеңкі,  тораңғы,  қызыл тал,  жиде,  жыңғыл,  сексеуіл,  қылша, т.б. өседі. саябақтың жануарлар әлемі де алуан түрлі: сүтқоректілерден  құлан,  қарақұйрық,  арқар,  түлкі,  тас сусары,  қоян; құстардың 15 түрі:   бүркіт,  тазқара,  ителгі,  кекілік,  қырғауыл,  бұлдырық; қтардан  сазан,  көксерке,  ақмарқа,  табан қ, т.б. кездеседі. омыртқасыз жануарлар дүниесі толық зерттелмеген. саябақта 17 қорықша бекеті және бірнеше туристік маршрут жұмыс істейді.[1][2]

4,4(86 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ