я не знаю
шардавшдпврзгя
Балқаш — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл.
Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр.
Ауданы құбылмалы: 17 – 22 мың км², ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 – 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 – 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км²-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы – суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы «Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары» («Чертежи всех сибирских городов и земель») атты атласында Балқашты «Теңіз» деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 – 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты. Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура –15 – 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 – 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 – 4,8 м/с. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында – солтүстік-шығыстан соғады
Балхаш - это озеро на юго-востоке Казахстана.
Каспийское море является третьим по величине после Аральских морей. В пределах Алматы, Жамбылской, Карагандинской областей, на высоте 340 м над уровнем моря, расположен Балхаш-Алаколь.
Площадь варьируется: 17 - 22 тыс. Км², длина более 600 км, ширина в восточной части 9 - 19 км, на западе - 74 км. Объем воды составляет около 100-110 км3. Площадь пашни составляет около 500 тысяч квадратных километров. Средняя глубина 6 м, самая глубокая - 26 м. В западной части Балхаш-Иль (78,2% поверхностных вод) восточная часть рек впадает в реки Каратал (15,1%), Лепси (5,4%) и Аксу (0,43%). Аягоз, Баканас, Токурау, Жамши, Мойюнты и т. Д., Которые текут с севера. реки, как правило, истощаются в озере. На северном побережье Сарыарка горы торосов сопровождают клинья, высокой Zharkain и полоснул многочисленные овраги jılğamen, а южный берег раскачки собирал, когда вода постепенно привлекает песчаный желоб. В озере много заливов, пригородов, небольших островов, взрослых: Басарал, Тасарал. Первая записанная информация о Балхаше восходит к 13 веку. Тщательное изучение озера началось в 17 веке. Российский картограф и историк Семен Ремезов в 1695 году назвал «Все сибирские города и города рисунками» («Чертеи все города Сибири и Земель») от имени Балхаша «Тенгиз». В начале XVIII века геодезические измерения проводились на озере. Балхаш был изображен в XIX веке на картах Клапрота (1836) и шведского картографа Йоханна Рената (Карта Джунгарии). Имеются сообщения о Балхаше в работах Пола Ритгофена (1877) и Александра Гумбольдта (1844). Российские ученые также принимали участие в изучении Балхаша (Иван Мушкетов, Лев Берг и др.). Великий казахский ученый Шокан Уалиханов изучил и описал Балхашский бассейн. С 1920 года началось комплексное освоение озера Балхаш, организовано множество экспедиций. В 1970-90 гг.
Фактор, экологияда — 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі. Факторлардың ішіндегі маңыздылары: абиотикалық-экологиялық Фактор — ағзаларға әсер ететін бейорганиктік және экологиялық Факторлар; адам Факторы — адамның “адам — қоршаған орта” жүйесіндегі әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін не шектейтін анатропологиялық-морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы; а) адамның әлеуметтік, экономикалық өндірістік, ғылым-техникалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, т.б. қатынастар жүйесіндегі әрекетінің ерекше белгіленуі; ә) қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қызметтің субъектісі ретіндегі адамға қатысты жағдайлардың бәрі жатады; ақпараттық Фактор— әдетте тіршілікте аса маңызды мәліметтің коды (“жазылу” жүйесі) ретінде көрінетін, сондықтан тіршілік иесіне шамадан тыс әсер етпейтін Фактор, мысалы, генетикалық Фактор; антропиялық Фактор — адамның бір нәрсеге тікелей әсері барысында пайда болатын Фактор; атмосфералық Фактор — атмосфераның физикалық күйімен және химикалық құрамымен байланысты Факторлар; әлеуметтік Фактор — адамдарда қоғамдық қатынастардан немесе табиғаттағы жәндіктерде (құмырсқа, ара, термит, т.б.) әлеум. құрылымнан болатын Фактор; биогендік Фактор — тірі ағзалардың қоршаған ортаға қазіргі және бұрынғы замандардағы тікелей не аралық ықпалына байланысты Факторлар жиынтығы; биологиялық Фактор — тіршілік барысында пайда болатын, атап айтқанда оның қалыптасуының негізгі көзі тірі ағза не олардың қандай да болсын жиынтығы болып табылатын Фактор (мысалы, жыртқыш пен оның жемтігінің арасындағы байланыс — қорек азаю Факторы); биосфералық Фактор — негізгі көзі және ортасы биосфера болып саналады; биотикалық Фактор — 1) шығу негізі тірі ағзаның ортаға аралық әсері болып табылатын Фактор, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер, т.б.), ағзалардың жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі) немесе олардың бұрынғы өтіп кеткен кезеңдегі іс-әрекеттері (мысалы, топырақ түзілуі); 2) бір ағзаның тіршілік әрекетінің басқа ағзаның тіршілік әрекетіне әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар түрішілік (демографикалық, этологиялық, топтық, т.б.) және түраралық (селбесу, жыртқыштық, т.б.) болып бөлінеді; (қара Бәсекелестік, Комменсализм, Мутуализм, Паразитизм); биоценоздық (ценоздық) Фактор — негізі жеке ағза, популяция, түр не олардың кездейсоқ жиынтығы емес, биоценозды құрайтын ағзалардың жиынтық әрекеті болып табылатын Фактор; мутагендік Фактор — тікелей немесе жанама түрде гендік мутациялар тудыратын Фактор, мысалы, радиацияның жоғары болуы, қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы; табиғи Фактор — адамның қатысуынан тысқары (антропогендік емес) немесе оның биологиялық мәнімен байланысты (бұған техногендік әсер де қосылады) әрекет ететін Фактор; табиғи-антропогендік Фактор — табиғи Фактордың адам әрекетінен өзгергендігі соншалық, ол өзінің түп нұсқасынан сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеше болып келеді; түрлік Фактор — биологиялық түр шеңберінде пайда болып, әрекет ететін Фактор Жалпы түрлік, популяц., топтық және индивидтік Факторларды қамтиды; физиологиялық Фактор — адамның өз ағзасына тигізетін жекеше ықпалы, мысалы, стресс;химиялық Фактор — қоршаған ортаның химиялық құрамынан (соның ішінде химиялық ластанудан) болатын Фактор; шектеуші Фактор— 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не ағзаның (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуі үшін шектеу қоятын Фактор, мысалы, түрлер арасындағы бәсекелестік; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өнімділігіне басқалардан гөрі ықпалдырақ әсер ететін экологиялық Фактор, мысалы, далалық аймақта өсімдіктер үшін — су, орманды жерлерде — топырақтағы қоректік заттардың молдығы, тундрада — жылу мөлшері шектеуші Фактор болып саналады; эволюциялық Фактор — қазіргі кездегі әсер сипаты ағзалардың бұрынғы геол. кезеңдердегі тіршілік әрекеті нәтижесінде анықталған Факторлар (мысалы, атмосферадағы оттек мөлшері, озоносфера, т.б.); қара Абиотикалық фактор, Антропогендік фактор, Экологиялық фактор.[1]
Объяснение: