Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адамзат дамуының алғашқы, табиғатқа тәуелді кезеңінде талай мыңдаған жылдар бойы жердегі халық саны баяу өсті. Біздің заманымыздың басында Жердегі адам саны 230 млн-ға әрең жеткен. Оның 2/3 Азияда тұрған. Қазір дүниежүзінде 6,4 млрд-қа жуық халық тұрады. Алдағыуақытқа арналған ғылыми болжам бойынша Жердегі халық саны 2025 ж. 8 млрд адамға дейін өседі. 21 ғасыр аяғында ол 10-11 млрд адамға жетіп, тоқтайды.
Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды.
Археологтар «Месопотамияда немесе Азияда б.д.д. 4000-3500 жылдар аралығында дүниеге дөңгелек келген соң, көлік міну де пайда болды» деп есептейді. Ал автокөлік тарихы XV ғасырдан басталады. Сол кезде Леонардо да Винчи көліктің дизайны мен моделін жасаған болатын.Германиялық Карл Бенс 1885 жылы өзінің алғашқы автокөлігін жасап шығарды. Карл Бенц ( қараша 1844 жыл, Мюльбургта дүниеге келіп, 4 сəуір , 1929 жыл Ладенбургта қайтыс болды. Герман авто инженері, бұл саладағы алғашқылардың бірі. Оның 1886 жылы патенттеген "Бенц Патент" моторлы N.1 автомобилін қазіргі заманғы автомобильдің бастамасы деп есептейді. Карл 1886 жылдың 30 қаңтарында өзі ойлап тапқан моторлы көлікке патент алған. Автокөлікті көп мөлшер де шығару ісі 1902 жылы басталды. Оны кейін Генри Форд кеңей те түсті. Форд 1908 жылы алғаш рет көпшілік ке арналған көлік – «Қаңылтыр Лиззаны» алға тартты. 1769 жылы Николя-Жосеф Куньо француз армиясына арнап тұңғыш өздігінен жүретін автоөлік (әскери трактор) құрастырып шығарды. Германиялық Готтлиб Вильгельм Даймлер мен Вильям Май-бах 1886 жылы «Канстатт-Даймлер» деген ат пен мәлім, төрт тактылы қозғалтқыш орнатылған алғашқы төрт дөңгелекті көлікті ойлап тапты. Чарльз Эдгар Дурея өзінің бауырымен бірлесіп,газбен жүретін алғашқы көлікті шығарды. 1960 жылдары әлемде электрлі механизммен жұмыс істейтін көлік қолданысқа енді. Автокөлік шығарушылар ақырындап қауіпсіздік пен сенімділікке көбірек көңіл бөле бастады.
Объяснение:
Менің отбасымда туған күнді қалай тойлаймыз?
Желтоқсанның жиырма тоғызы жақындап келеді. Бұл дегеніміз – біздің үйдің кенжесі, менің кішкентай бауырымның туған күніне бірер күн ғана уақыт қалды деген сөз. Інім Жаңа жылмен қатарлас келетін туған күнін асыға күтуде. Күнделікті ұйықтар алдында «туған күніме бес күн қалды, төрт күн қалды» деп санап жүр. Үй ішімен ақылдасып, барлығымыз туған күннің қамына ертерек кірісіп кеткен болатынбыз, биыл кенжеміздің алғашқы кішігірім мерейтойы, бес жасқа толғалы отыр. Осы жолы тосын сый жасаймыз деп шештік.
Сонымен, әне – міне деп дайындалып жүргенде жиырма тоғызыншы желтоқсан да келіп жетті. Үй ішімізбен ертерек оянып, кенжетайдың оянуын күтіп отырмыз. Соңғы рет барлығын тексеріп алып, дайын отырмыз. Бауырым ұйықтап жатқан кезде әпкем екеуміз балалар бөлмесі мен қонақ бөлмесін шарлармен безендіріп қойған болатынбыз. Анам арнайы үлкен торт пісіріп, үстіне «Кенжетай 5 жасың құтты болсын!» деп жазу жазды. Ал әкеміз болса, ең басты туған күннің сыйлығын алған болатын.
Сонымен, кенжетай оянып, «бүгін менің туған күнім» деп қонақ бөлмесіне кіріп келгенде, барлығымыз шапалақтап, «Тосынсый!» деп, ән айтып, құттықтадық! Бауырым аң – таң болды. Ең қызығы, әкеміз кенжетайдың көптен күтіп, армандап жүрген кішкене күшігін қолына ұстатқанда, бауырымыздың екі езуі екі құлағына жетіп, мәз болғанын байқадық. Сыйлықты дәл тапқанымызға өзіміз де риза болдық.
Кешкісін үйге шақырылған қонақтар келіп, кең дастарқан жайылды. Төрде үйіміздің үлкені атамыз жайғасып, сөздің басын өзі алды. «Үйіміздің кенжесі, еркетайымыздың туылған күні құтты болсын! Ең бастысы денсаулығы мықты болсын! Балапанға бақытты балалық шақ тілеймін! Әжесі екеуміздің көз қуанышымыз болып жүре берсін» деп тілегін білдірді.