1 мамыр жайлы диалог
- Алихан, сенің сүйікті мейрамың қандай?
- Мадина, мен барлық мерекелерлі де жақсы көремін. Дегенмен, екі мейрамды аса қатты асыға күтемін: бірі – Наурыз мейрамы болса, екіншісі – 1 мамыр мерекесі.
- Наурыз - жыл басы, ол түсінікті. Ал бірінші мамыр мерекесін не үшін жақсы көресің?
- Себебі, бұл мереке ірі мерекелердің бірі, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке.
- Ия, сенімен толықтай келісемін. Бұл мерекенің де маңызы зор екен. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой.
- Дұрыс айтасың, бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
- Шынымен де, әрбір ұлттың рухани құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап, келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен.
- Мереке қарсаңында қандай тілек білдіруші едің?
- Бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын!
- Сәлем, Айдана!
- Сәлем, Айдар!
- Қалың қалай?
- Менде бәрі жақсы, рахмет. Өзіңде ше?
- Менде де бәрі жақсы. Мен қазір мектеп кітапханасына баратын едім, менімен бірге барғың келе ме?
- Әрине, қуана қуана барамын. Кеттік!
- Кеттік!
- Айдана, сенің сүйікті кітабың қандай?
- Менің сүйікті кітабым, қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың "Абай Жолы" романы. Ал сенің ше?
- Маған көбіне шетел жазушыларының шығармалары ұнайды. Мысалы, орыс поэті Пушкиннің " Капитанская дочка" шығармасы.
- Түсінікті. Қазір кітапханадан қандай кітап алып оқисың?
- Мен кітапханада Міржақып Дулатовтың бір кітабын алып оқысам ба деп тұрмын, қалай ойлайсың?
- Иә Міржақыптың шығармалары адамға рухани күш береді ғой, саған Міржақып атамыздың кітабын алып оқуға кеңес беремін.
- Жақсы. Міне, мектеп кітапханасына да жеттік. Кеттік, кітаптарды бірге оқиық.
- Кеттік!
Мен мектеп кітапханасы туралы жаздым.