М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Мммаксим
Мммаксим
16.04.2023 03:32 •  Қазақ тiлi

Қазақ тілі 6-сынып Ғарышқа кімдер ұшады? Осыған дейін ғарышқа ұшқыштар ғана іріктелетін. Қазіргі кезеңде ғарышқа ғалымдар мен инженерлер ұшырылуда. Мысалы, 2017 жылы NASA ғарышкерлері қатарына он екі адам іріктеуден өткен екен. Оның ішінде инженерлер, әскери дәрігерлер мен мұхитты зерттеуші ғалымдар бар. Олар ғарышта түрлі зерттеулер жүргізеді. Ғарышкерлерді таңдаудағы бірінші шарт – дене дайындығы сынақтарын жақсы тапсыруы. Сынақ кезінде үміткерлердің күш-қайраты ғана емес, шыдамдылығы да жоғары бағаланады. Әрі қарай оқу мен жаттығу басталады. Әуелі екі жыл – жалпы ғарыштық дайындық, одан соң топтағы жаттығу. Барлық сынақтардан өткен маман экипаж құрамына алынып, тағы 18-24 ай ұшуға дайындықтан өтеді. Ғарышкер болғысы келген адам барлығы алты жыл жан-жақты дайындалуы керек. Олар жұлдызды аспан картасын жаттаудан бастап күрделі құрылғылармен жұмыс жасауды үйренеді. Су ғарыштағы салмақсыздық жағдайына үйренуге көмектеседі, сондықтан аквалангімен, кейін скафандрмен суда жүзуге жаттығады. Жылдам ұшатын реактивті ұшақтармен аспанға көтеріледі, кейде күніне 40 рет ұшуға тура келеді. Ғарышкер бірнеше тілді де білуі қажет. «OYLA» ғылыми-көпшілік басылымы 1. Мәтінге сай тақырыпты таңдаңыз. А) Ашық ғарыш кеңістігі В) Ғарышқа ұшуға дайындық С) Қазақ ғарышкерлері D) Ұшқыштардың ерліктері
2. Мәтіндегі сан есім А) он бес В) жиырма С) он жеті D) он екі
3. Мәтіндегі «шыдамдылығы» сөзінің синонимі А) төзімділігі В) жомарттығы С) ержүректігі D) мейірімділігі
4. Экипаж мүшелерінің дайындық уақыты А) Бес жыл В) Төрт жыл С) Алты-жеті жыл D) Он екі жыл
5. Жіңішке дауысты дыбыстардан жасалған сөз А) қазіргі В) жаттығу С) экипаж D) үміткер
6. Мәтінде ұшақтар туралы айтылған абзац А) екінші В) үшінші С) бірінші D) барлығында
7. Дефис арқылы жазылатын сөз А) бірінші шарт В) жан жақты С) топтағы жаттығу D) алты жыл 8. «Жылдам» сөзінің антонимі А) шұғыл В) баяу С) жедел D) жалпы
9. Қазіргі кезеңде ғарышқа ұшырылатын адамдар А) ұшқыштар, журналистер В) ғалымдар, инженерелер С) мамандар, кеншілер D) сәулетшілер, сәнгерлер
10. Тіркес екпіні түсетін сөз А) күш-қайраты В) іріктеуден өткен С) бірнеше тіл D) бірінші шарт
11. Көп нүктенің орнына мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз. Ғарышкерлерді таңдаудағы ... шарт – дене дайындығы сынақтарын жақсы тапсыруы. А) алғашқы В) келесі С) соңғы D) екінші 12. Мәтіндегі қос сөз А) ата-ана В) алыс-жақын С) ерік-жігері D) күш-қайраты
13. Мәтінде дұрыс жазылған сөз А) жаттығыу В) инженер С) құрұлғы D) риактивті
14. Ғарыштағы салмақсыздық жағдайына үйренуге не көмектеседі? А) тауға шығу В) ұшақпен ұшу С) суда жүзу D) картаны білу
15. Мәтінде қолданылған сын есім А) жылдам ұшатын В) жұлдызды аспан С) екі жыл D) дене дайындығы
16. Мәтінде кездесетін реттік сан есім
А) алты В) екеу С) 18-24 D) бірінші

17. Мәтіннің екінші және үшінші абзацтарына ортақ ой
А) ғалымдардың ғарышқа ұшуы туралы
В) ғарышкерлердің дайындығы туралы
С) ашық ғарыш кеңістігіне шығу туралы
D) ғарышта жүргізілетін зерттеулер туралы

18. Мәтіндегі синоним сөздер
А) сынақ, жаттығу В) күш, қайрат С) жалпы, топтағы D) іріктеу, ұшыру

19. Олар ғарышта түрлі зерттеулер жүргізеді.Сөйлемдегі сөздерге жалғанған жалғаулар
А) тек көптік В) тәуелдік С) тәуелдік, септік D) септік, көптік, жіктік

20. Мәтіндегі қосымша ақпарат
А) Қазіргі кезеңде ғарышқа ғалымдар мен инженерлер ұшырылуда.
В) Ғарышкер болғысы келген адам алты жыл дайындалуы керек.
С) Үміткерлердің шыдамдылығы да жоғары бағаланады.
D) NASA ғарышкерлері қатарына он екі адам іріктеуден өткен.

21. Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөз
А) суда В) маман С) кімдер D) жоғары

22. Мәтінде кездесетін шылау
А) сондықтан В) бірақ С) біресе D) үшін

23. Ғарышта жүргізілетін зерттеулер туралы айтылған абзац
А) үшінші В) бірінші С) барлығында D) екінші

24. «Акваланг, скафандр» сөздері
А) көнерген сөздер В) басқа тілден енген сөздер
С) диалект сөздер D) ауыспалы мағыналы сөздер

25. Экипаж құрамына алыну талабы
А) бірнеше тіл білу В) барлық сынақтан өту
С) жақсы дене дайындығы D) топпен тіл табысу

26. Тасымалданбайтын сөз
А) ұшақ В) сынақ С) білу D) тілді

27. Мәтіннің екінші абзацына тән тірек сөздер
А) ғалым, зерттеу В) алты жыл, жан-жақты
С) таңдау, сынақ D) су, салмақсыздық

28. Мәтінде кездесетін мамандық атауы
А) тарихшы В) дәрігер С) спортшы D) биолог

29. Берілген мәтін түрі
А) құттықтау В) мақала С) жарнама D) өмірбаян

👇
Ответ:
Мария05m
Мария05m
16.04.2023

1.B

2.B

3.A

4.C

5.D

6.?

7.B

8.C

9.B

10.?

11.A

12.?

13.B

14.

4,5(48 оценок)
Ответ:
Jjdjf
Jjdjf
16.04.2023









10а
11а
12в
13в
14с
15а
16д
17в
18в
19д
20д
21с
22а
23в
24в
25в
26а
27с
28д
29в

Барлығ дұрыс жауап сенімдімін
4,5(23 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Alina4315
Alina4315
16.04.2023
Теңге-ұлттық валюта

Қазақстанның ұлттық валютасы 1993жылы 15 қарашада пайдалануға енгізілді.Ақша белгілері- теңге мен тиынды Қазақстанның озық суретшілерінің қатысуымен Ұлттық банк әзірленді. Теңге Қазақстанның алғашқы ақшасы емес. Ежелгі Қазақстан аумағында ақша бұдан көптеген ғаырлар бұрын пайдаланылған. Сырдарияда, Отырар алқабында түркі билеушілері, ал Жетісуда түргештер 7-8 ғасырларда өз ақшаларын шығарған. Отырар мен Исфиджабта монет сарайлары жұмыс істеген. Оныншы ғасырлардың ортасы мен сегізінші ғасырларда қалалар тез өсіп,тауар өндірісі мен сауда көлемі ұлғая түсті. Ұсақ бөлшек саудада көбіне мыс фельстер қолданылды. Алтын монеталар да айналымға түсті, бірақ ол саудада дара түрінде ғана емес салмағына қарай пайдаланылды: монетаны қажетіне қарай кесектеп сындыратын болған. Он төртінші ғасырдың соңыннан бастап Қазақстанда Әмір Темір монеталары айналымға енді. Бұлардан басқа Қазақстан қалаларында саудада Самарқанд, Бұхара, Ташкент монеталары, негізінен, мыс динарлар пайдаланылды. Қазақстан ақшасының бұрынғы тарихы міне, осындай. Күрделі жиырмасыншы ғасырда Қазақстан біртұтас рубль аймағына кірді. Бұл 1993 жылдың қараша айына дейін жалғасты. Кеңестік рубльдер 1993 жылғы 15 қарашада сағат таңертенгі 8:00-де теңгемен ауыстырыла бастады. Бұл күні Ұлтық валютаның туған күні болып саналады.
4,8(2 оценок)
Ответ:
victoriya0205
victoriya0205
16.04.2023
Ол ебедейсіз алып тұлғасын жасырмақ болып,біресе жер бауырлап сүйретіледі,біресе тұра сала бүкшеңдеп жүгіреді.Нұрғали бірде Тәукеге қарап кіжінеді,бірде Аманға қарап мүләйімсейді.Кейде ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді,кейде салқын тартып алыстап кетеді.Біресе мен түк түсінбеймін,біресе осылар түк түсінбейді.Нәзік бұтақтарына тізбектеле өскен жас жапырақтар бірде бір әсем музыканың ырғағында қатарласа билеп жүрген балалардай көрінеді,бірде сол жапырақтың сылдырынан әлдеқандай естімеген сыр сыбдыры құлаққа келеді.Біресе мен бұл адамдардың ортасынан кетуім керек,біресе барша жанға тынышсыз болатын залымдықты қоюым керек екен ғой.
4,7(85 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ