1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі ретінде тарихқа мәңгі енді. Бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасты. Соғыстың басталуы және оның сипаты туралы тарихи деректерге сүйенетін болсақ: Шабуыл жасаспау туралы (1939 ж. 23 тамыз) Кеңес Одағымен жасаған келісімді фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда бұзып, соғыс жарияламастан КСРО аумағына аяқ астынан басып кірді. 1940 жылдың орта кезеңінде-ақ (18 желтоқсан) Гитлер КСРО-ға басып кірудің «Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрлықтағы, әуедегі және соғыс теңіз күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты қысқа мерзім ішінде (3-4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде (қараша) аяқтау тиіс еді. Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Маншүк Мәметова: "Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін«,— деп әскери комитетке өтініш берді. Қазақстаннан соғыс майдандарында 100-ге жуық ақындар мен жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Оқи отырыңыз: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тұтқындар мəселесі Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді. Қазақстандық 36 жеке атқыштар бригадасы 30-дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1196164 (1196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды. Соғыстың сипаты — Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Қазақстан экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру әскери бағытқа көшірілді. Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын — мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркәсіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді.
Қазақстанның шебер теннисшісі әрі жеке разряд бойынша ITF-тің бес турнирінің жеңімпазы Зарина WTA рейтингінің 3-ші тамыздағы жаңа көрсеткіші бойынша 32-ші орынға тұрақтаған.
Зарина Дияс теннисте өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын иеленді. Ол өз шеберлігімен бір жыл ішінде 500 мың доллардан астам қаражат ұтқан. Жалпы алғанда өз мансабында спортшы 700 мың доллар табыс түсірді.
Объяснение:
Жансая Әбдімәлік – шахматтан еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген қазақ қызы. Ол небәрі он төрт жасында гроссмейстер атанған.
Гроссмейстер – шахматшылар арасындағы ең жоғарғы дәреже.
2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылы 20 жасқа дейінгілер санатында Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады.
2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген Жансая өз жасына сәйкес қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.
3. Сұлтан Сармырзаев
Сұлтан Сармырзаев – бейбіт күннің батыры атанған қазақ сарбазы. Оның досын құтқарған ерлігі видеоға түсіп қалып, ел назарына іліккен болатын.
Қорғаныс министрлігі сарбазды "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасымен марапаттады.
Еске салсақ, 2014 жылдың қыркүйек айында Қапшағайдағы 28079 әскери бөлімінің қызметкері Сұлтан Сармырзаев кезекті оқу-жаттығу кезінде батыл әрекет жасап, өзінің және қарулас досының өмірін сақтап қалған.
https://youtu.be/E1oelfQYI_I
Кезекті секіру кезінде екі жауынгердің парашюттері айқасып қалады. Ал секундына 100 метр жылдамдықпен құлап келе жатқан Сармырзаев жедел әрекет етіп, жерге 200 метр қалғанда қосалқы парашютін ашып, жерге аман қонады.
Айта кетерлігі, қосалқы парашют тек бір адамның салмағын көтере алады. Соған қарамастан, жігіт тәуекелге барып, досын да аман алып қалған.
Сұлтан 1994 жылдың 25 наурызында Шымкентте дүниеге келген.
Халқыма адалмын деп Ата заңға