Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Тәуелсіздік – сіздің тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаныңыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың өзі тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан.
Қазақстан – өз әнұраны, елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет. ТМД елдері арасында тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған күннен бастап бұл елдің өз халқы, өзіне тән ұлты мен тілі бар.
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлеміне қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.
Ана ол бізді 9 ай құрсағында көтеріп бізді өмірге әкелетін жанымыздан да қымбат ең ардақты да аяулы жан Біздің ең қымбат байлығымыз. Анамыз бізді түн ұйқысын төрт бөліп бізді тәрбиелейтін адам
Біз кейде анамызға ауыр сөздер айтып ренжітіп қоямыз бірақ анамыз бізді әрқашан да кешіреді Анамыз бізді ешкімнен кем болмасын деп күні түні еңбек етіп ақша табады.Сол ақшаға бізге қалаған заттарымызды сатып алып береді Қазақта мынандай жақсы сөз бар: Ана бір қолымен бесікті тербетсе екінші қолымен әлемді тербетеді. Тіпті батырдың өзі де анадан туылады.
Ана-өмірдің тірегі❤
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.