Сөз таптары — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай
Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.[1]
Қазақстан Республикасы 1991 жылы Тәуелсіздік алып ,өз алдына жеке мемлекет болды.Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ.Осы жолда аталарымыздың қаны, аналарымыздың жасы төгілді.Сонымен қатар 1986 жылғы ызғарлы желтоқсан оқиғасында ҚайратРысқұлбеков,Ляззат Асанова,Ербол Сыпатаев Сабира Мухаметжанова Тәуелсіздік үшін жандарын қиды.Тәуелсіздік жолы-ұлы жол.Әр адамның арманы--тәуелсіз Отанының болуы. Тәуелсіздік --ел бақыты. Тәуелсіздік -барлық қазақстандар үшін аса қасиетті құндылық -депЕлбасы тегін айтпаған.
Ал қазіргі кездегі «100 нақты қадам» ұлт болашағы үшін жасалған жоспарының бірінші қадамы «Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту» деп аталады. Мұның ішіндегі басты міндет – «мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс». ... Бұл да болса білікті жас маманға қатысты оңтайлы орындалар шараның бірі деп санаймыз