М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
pva1992
pva1992
09.10.2021 02:51 •  Қазақ тiлi

№1 тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Қызыл кітап — қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күресті нысаны. 1918 жыл дүниежүзі ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одант құрды. Бул одан жойылып бара атка жануарлар тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердін «Кызыл кітап» деген атауды аралшы зерттеушісі Питер Скот ұсынды. Қызыл кітапқа құлан, арқар, дуадақ, сонымен бірге быс. аку, бүрісіп, бірқазан, ырна. Ізыл қасқыр, жабайы қызғалдақт.б. аңдар мен құстар, өсімдіктер тірді. Бүгінгі күні Қазақстанның «Қызыл кітабына» балықтар, қосмекенділер, жорғаулаушылар, құс гар, сүтқоректілер, осімдіктер енгізілді. Қызыл кітапқа мәңгілікке жойылғандар жазылады. Олар: дронт, қанатсыз гагара, кезбе көгершін, мамонт. Жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер қорықтарда қорғалім, сақталады. Біздің табиғатымыз өте бай. Бірақ оның байлығы шексіз емес, сондықтан оларды қорғау, сақтау керек! Қазақстанда он қорық ьар. Олар: Ақсу-Жабағылы, Барсакелмес, Үстірт, Наурызым. Қорга кың, Батыс Алтай, Алматы, Марқакөл, Алакөл, Қаратау. 3.Қай мақал-мәтел мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді? А) Бұлақ болса, өзен болмас еді. В) Бір тал кессең, он тал ек. C) Табиғат - тал бесік Д) Жердің көркі тал болар, елдің көркі мал болар

👇
Ответ:
Zvezdo4kaKatty
Zvezdo4kaKatty
09.10.2021

Қызыл кітапқа енген жануарлар әлемде өте аз

4,4(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
haaahahaha12345
haaahahaha12345
09.10.2021

Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады.

— Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз. Шектіден бір қыз тауып қайтасыз, - деді. Төлеген айтты:

— Қанша күнде барамын?- деп. Сәудегер айтты:

— Жүз күнде барасың деді және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық күншілік шөлі бар онымен жүре алмайсың, -деді.

Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс тұрман жасатып, гауһардан тастар орнаттырып қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға азық арттырып, тоғыз түйеге ділдә, жамбы артып Наурыз айы туғанда жүрді дейді.

Базарбайдың Төлеген,

Ерте туған көбеген.

Сексен жігіт қосшы алып,

Он бес жігіт басшы алып,

Ақжайыққа жөнеген.

Айдың өткен шешесі,

Ай қараңғы кешесі,

Падишадан кем емес,

Ер Төлеген мүшесі.

Әулиеге ат айтып,

Қорасанға қой айтып,

Артынан қуып келіпті,

Өлгенде көрген шешесі.

Шешесі келіп сөйлейді,

Сөйлегенде не дейді:

«Мінгене аттың аласын,

Менен туған баласың.

Қал дегенде қаласың,

Айтқан тілді аласың!

Қал дегенде қалмасаң,

Айтқан тілдді алмасаң,

Құрттың анаң шарасын!

Өлгенде көрген қарағым,

Ата-анаңды зарлатып,

Қай жаққа кетіп барасың?

Анаң келді зарланып,

Әкең отыр сандалып.

Көре алмаған көп дұшпан

Сыртыңнан келер қамданып,

Сен кеткен соң, қарағым,

Кім ойлайды кемпір-шалыңды?

Сансызбай болса жас еді,

Жүреміз кімге алданып?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Қой, шеше-еке-ау, жылама,

Жылағаның бола ма?

Бекер босқа шеше-еке-ау,

Көзіңнің жасын бұлама!

Жиырмаға келгенше,

Маған қалың бермеген,

Тең құрбымдай көрмеген,

Құм құйылсын көзіңе,

Осы екен саған сыбаға!»

Шешесі сонда сөйлейді,

Сөйлегене не дейді;

« Кейін, балам, қайт-сана,

Анаңа сырың айт-сана.

Патша қызын алсаң да,

Өз еліңде жат сана.

Біреудің тілі тимей ме?

Қартайған атаң Базарбай,

Сенің үшін күймей ме?

Ел ішінде тентек көп,

Дүние кезіп жүргенде,

Тентіреген демей ме?!

Ата-анасын зарлатып,

Бір қыз үшін кетті деп,

Дос-дұшпаның күлмей ме?»

Төлеген сонда сөйлейді:

«Айналайын шешееке-ау,

Құмар иттей қаңғырып,

Бұралқы болар қораға,

Бір жорытпай шеше-еке-ау.

Сірә, көңілім тынар ма?

Талап қылға ісінен –

Ат басын ерлер бұра ма?

Жаман, жақсы болса да,

Алланың болар әмірі,

Өз айтқаның болар ма?

Тілімді алмай кетті деп,

Қапа болып жылама.

Мен Жайықтан қайтқанша,

Жүзіңді есен көргенше,

Ата-анамды, мал-жанды,

Тапсырым алла, құдаға».

Анасы сонда сөйлейді,

Сөйлегенде бүй дейді:

«Өлкенің көркі тал болар,

Өзеннің көркі жар болар,

Жігіттің көркі мал болар,

Малың болса, қарағым,

Қара басың хан болар.

Алуа асап, іштің бал,

Жая шайнап, жедің жал,

Кетер болсаң, қарағым,

Жылқыдан таңдап қырық жорға,

Өзіңменен айдап ал.

Сансызбай болса, жас еді,

Сен кеткен соң қарағым,

Сүйеніп кімге күн елтер –

Артыңда қалған кемпір, шал?»

Төлеген сондай сөйлейді:

«Мінгене атым ала-ды,

Сенен туған баламын.

Көңіліме түсіп бір хиял,

Сапар шегіп барамын.

Алла нәсіп айдаса –

Бір сұлу қызды аламын.

Алла нәсіп етпесе,

Ендігі сөздің қысқасы,

Мекке таман барамын».

4,5(44 оценок)
Ответ:
dxkuznecov
dxkuznecov
09.10.2021

Ғаламтор туралы диалог құрастыру.

Ағасы: Бауырым, осы соңғы кездері ғаламторға тәуелділік қоғамдағы ең үлкен мәселеге айналып отыр. Осы жайлы не ойлайсыз?

Інісі: Ия, дұрыс айтасың. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын.

Ағасы: Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Компьютер алдында ұзақ отыру көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек. Сонымен қатар уақтылы үзіліс жасау керек.

Інісі: Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын. Мен өзім осы ережені сақтап, қалған бос уақытымда анама көмектесемін.

Ағасы: Сондықтан ғаламторды тек қажет уақытында пайдалану керек деп деп ойлаймын. Ал басқа бос уақытыңды пайдалы іске арнап, ата – анаңа, бауырларыңа көмектесіп немесе спортпен айналыссаң болады. Кітап оқысаң, тіпті жақсы, нұр үстіне нұр болар еді.

4,4(51 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ