
Су кез келген тірі ағза үшін аса қажетті нәрсе. Адам ағзасының 65-70 пайызы судан тұрады. Адам денсаулығы жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі дәлелденген. Алайда, мұнша су не үшін қажет? Назар аударалық...
Токсиндерді шығару
Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек, тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Қуанышқа қарай, судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несіппен бірге ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Айтпақшы, тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды. Ендеше, ағзаңызды қажетсіз заттардан тазартқыңыз келсе, су ішіңіз.
Әмбебап еріткіш
Біздің өміріміздегі көптеген химиялық реакциялар да судың көмегімен орындалады. Ағзадағы барлық заттар тек ерітінді түрінде. Бұлшық ет, тері, сүйек, бұзылған ткандердің қалыпқа келуі, гормондардың синтезделуі, ферменттер, медиаторлар, бәрі де суды қажет етеді.
Жүрек пен буынның саулығы
Су атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Біз қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті, жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады.
Буындардың қозғалуы әрі ептілігі
Әрбір буында буын сұйықтығы бар. Сол сұйықтықтың арқасында буын жылжып тұрады. Ал ағзадағы судың аздығы буын сұйықтығының өзгеруіне, құрғауына әкеледі. Буын қиындықпен қозғалып, біздің белсенді әрекет етуімізге кедергі келтіреді.
Денедегі ткандердің қоректенуі
Қан – ағзадағы ткандерге оттегі мен қоректік заттарды әкелетін басты тасымалдаушы. Егер біз сұйықтықты аз ішетін болсақ, қан қоюланып қалады да, ең ұсақ буындар - артериол мен капиллярларға қиындық туады. Ал бұл буындар ағзадағы ткандерді қоректендіреді. Одан бөлек, оттегі мен қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін де су аса қажет.
Ас қорыту
Су ас қорыту жүйесіне аса қажетті элементтердің бірі. Судың көмегімен ас қорытылады. Ол тағамды қорытады, ад соңында керек емес заттарды шығаруға үшін де ішекте жеткілікті көлемде су болуы тиіс. Егер сіздің ішіңіз ауыратын болса, су ішу режиміңізге мән беріңіз. Өйткені, дәрігі жүгіргеннен бұрын, су ішуді арттыру да жеткілікті болуы мүмкін.
Иммунитет және су
Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады. Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық. Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несіптің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді. Егер аз ауырғыңыз келсе суды көп ішіңіз.
Су – дене температурасын реттейді
Сіз спортпен шұғылданған кезде немесе ауа ыстық болса, ағза ыстықтан тер шығару арқылы қорғанады. Тер тері сыртына шығады да, сол әрекетімен ағзаны салқындатады. Айтпақшы, тері токсиндерді шығарудың тағы бір жолы екенін ұмытпаңыздар. Өз ағзаңызға терлеу мүмкіндігін беріңіз. Бұл өте қажет. Ал ол үшін су ішу керек.
Су арықтауға көмектеседі
Егер сіз арықтауды мақсат етіп, диетаға отырып, спортпен шұғылдансаңыз, суды ұмытпаңыз. Су майды жоюға көмектеседі. Әрине, арықтау үшін сізге жүгіріп, спортпен айналысып, терлеу қажет. Алайда, сіз қажетті мөлшерде су ішсеңіз, жаттығудан да жақсы қорытынды шығады.
Ми да суды қажет етеді
Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі – бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді.
Терінің әдемілігі сақталады
Жұмсақ, таза тері қандай жағымды әрі әдемі көрінеді! Әрине, тері тазалығын сақтау үшін біз түрлі косметикалар қолданамыз, косметологтар кеңесіне жүгінеміз, алайда, судың қажеттілігін де ұмытпаймыз. Суды керекті мөлшерде қолдану терідегі ылғалдықты сақтауға көмектеседі, терінің қартаюына қарсы әрекет етеді.
Ағзаны қалай «суару» қажет?!
1. Адам күніне 2 литр су ішуі керек. Бұл салмағы 65-70 келі аралықтағы адам үшін жарамды. Егер сіз бұдан да ірі болсаңыз, онда күн сайынғы ішетін су мөлшерін есептеп шығыңыз. Әрбір килограмм үшін 30 грамм судан қосылып отырады. Мысалы, сіз 90 келі тартасызү 90*30=2700 мл су.
2. Әрбір таңды бір стакан кофемен емес, сумен бастаңыз. Осылай, сіз ағзаның оянуына көмектесесіз. Миға күш бері, ішек пен қарынға таңғы асты қорытуға мүмкіндік бересіз.
Театр – грек тілінен аударғанда «көрініс» деген мағынаны береді. Алғашында театрда сахнадағы əрекет өз кезегінде хор арқылы, немесе түрлі басқа да іс-қимылдармен толықтырылып, комплексті тұрғыда алғанда, үлкен гармониялық аура тудырған. Көбінесе, ашық аспан астында өткен қойылымдарды көрермен жартастардың үстінде, арнайы жасалған биік құрылыстардың үстіне отырып көргенін сол заманнан қалған сəулет құрылыстарынан білеміз. Сондай-ақ ежелгі театр тек Грекия жерінде ғана емес, сондай-ақ көптеген ежелгі шығыс елдерінде, Үндістан, Қытай, Индонезия, Жапония секілді елдерде кеңінен етек жайғаны да белгілі. Орта ғасырдағы Еуропада халықтық театрдың рөлін кезбе əртістер ойнаған. Ал Еуропадағы тұңғыш кəсіпқой театр Италия маскалар комедиясы екені тарихи жазбаларда кездеседі.
Театр сонау көне Грекияда пайда болып, əртістердің ойыны, музыкалық нөмірлер, поэзия, проза, дизайн секілді бірнеше өнерлерді қамтығаны аталып өтілді. Театр осындай жан-жақтылығымен де құдыретті. Яғни бірнеше адамзаттық өнерлерді бір жерде топтастыру, ұйыстыру осындай үлкен өнердің тууына себепші болып отыр. Мысалға алатын болсақ, қойылымдағы əрбір деталь өте маңызды рөл атқарады, əртістің қимылы, табиғаты, болмысы, сөзіне оның киімі, қолданатын заттары үйлесімді болуы керек. Ал жалпы театрдың мазмұнына, мəніне оған сəйкес композиция, музыка дұрыс таңдалуы тағы бар. Мысалы, осы детальдардың үйлесімін қазақ қойылымдарының ішінде «Ай-Қарагөз» қойылымынан көруге болады. Т.Шапайдың «Дариға - дəурен» əнін қойылымға дөп түсірген.
Композитордың өмір сүретін дəуірі мен оқиғаның өрбитін кезеңі бірғасырдан астам уақыттай болады. Алайда, бұл ешқандай кедергі болмай, сол қойылым мен əн тамаша үйлесіп тұр. Бұл жерде музыкалық режиссердің еңбегін атап өту керек. Немесе «Қызыл орамалды шынарым» қойылымындағы қырғыз əні де тамаша сəйкестендірілген. Спектакль бастан аяқ қазақ тілінде болса да, сол əн арқылы қырғыз халқының рухын сезінгендей боласың. Шыңғыс Айтматов есіңе түседі. Қырғыз қойылымында отырғандай сезінесің. Ал сахнаның сәнделуінің өзі - бір өнер. Сондықтан театр өнері барша өнердің ұйысқан жері деп сеніммен айта аламыз.
Театр қойылымдары пьесаның мəтіні бойынша, режиссердің, əртістің, суретшінің, композитордың жұмысынан құралады. Жалпы қойылымның негізі драматургиядан басталады. Тіпті қойылымда мүлдем сөз болмағанның өзінде мəтін өте қажет деталь. Ал сол драматургияны сахналау – кəдімгі бір тілден екінші тілге аударғандай процесс. Ал оның көрерменге жетуі мүлдем басқа жағдай.
Арасынан алып жазсаңыз болады
даналық үйі дегеніміз мектеп ұлы жібек жолы дегеніміз Қытайдан жерорта теңізіне дейін бастау алатын жібек саудасы зергерлік өнімдерден алқа білезік сырға сияқты өнімдер дамыды Аждаһаны білмедім