Қазақ халқының ұлттық тағамдары.
Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құстырар» секілді сөздер осының дәлелі секілді. Тіпті үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
Ұлттық тағамдарға тоқтала кетер болсақ, оларды құрамындағы басты компонентке байланысты бірнеше негізгі топқа бөлуге болады: ет тағамдары, сүт тағамдары, ұннан жасалатын тағамдар, дақылдан жасалатын тағамдар.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Ұлттық сүт тағамдарына айран, қатық, шалап, қымыз, қымыран, байқаймақ, шыртылдақ, кілегей, қаймақ, құрт, сүзбе, уыз, ірімшік, іркіт т.б. жатады.
Ал ұннан әже - апаларымыз ежелден қазағымның символына айналған шелпек пен бауырсақ пісіріп, таба нан, салма, қаттама әзірлеген.
Халқымыз дәнді дақылдардан да пайдалы тағам әзірлей білген. Соның ішінде: талқан, жент, тары, бидай көже, майсөк, бөкпе.
Ғасырлар шежіресінен сыр шерткен көне шаһар – Тараздың ескерткіштер қатары тағы бір тарихи орын – аспанасты музейімен толықпақ.
Жыл басында облыс әкімі К. Көкірекбаев еліміздің бірқатар тарихшылары мен археологтарының басын қосып, кеңес құрған еді. Онда осы орында, ондаған қат жер астында жатқан I-XIX ғасырлардағы ежелгі Тараз қалашығының қазба жұмыстарын қайткенде жүйелі жүргізу мәселесі қаралған болатын. Нәтижесінде, миллиондаған қаржы бөлініп, төрт мердігер компания қазба жұмыстарына кірісіп кетті.
Бүгінде біршама шаруа тиянақталып, аршылған жәдігерлер уақытша сақтауға алынған. Бұл жайында облыс әкімдігі мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев бастаған бір топ археологтардың облыс журналистерімен өткізген ба өз мәслихатында айтылды.
– Қазба жұмыстары жүргізіле бастағаннан бері қала халқының аталған орынға ерекше қызығушылығын байқадым. Тұрғындардың туған жердің тарихына бей-жай қарамай, ерекше ілтипат танытуы мені таңқалдырды және қатты қуантты. Еліміздегі айтулы оқиға «ЭКСПО-2017» қарсаңында ежелгі қаламызда аспанасты музейі ашылып, мерейімізді бір асқақтатса деген ойымыз бар. Әзірге, қала халқы мен қонақтары бұл орыннан табылған 300-ге жуық жәдігерді облыстық тарихи-өлкетану музейінен тамашалай алады, – дейді мәслихатқа қатысқан «Археолог» халықаралық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор М. Елеуов.
Тараздың бойтұмарына айналған тарихи ескерткіштердің қатары шын мәнінде құнды, халық құрмет тұтатын орынмен толығып жатса ол біз үшін үлкен олжа.