Материктер мен мұхиттар физикалық географиясы табиғатының қалыптасу кезеңдері, қайталанбас әсем көріністері мен апатты құбылыстары жөнінде нақты мәліметтер аласыңдар. Сонымен қатар табиғат кешендерінің құрылымдық ерекшеліктері және олардың жеке материктер мен мұхиттарда орналасу заңдылықтары, адамзаттың табиғат байлықтарын шаруашылық қажетіне пайдалануын оқып үйренесіңдер. Сендер құрлықтағы өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын биік тау жүйелері мен ұланғайыр жазықтардың табиғатымен танысасыңдар. Мәңгі мұз құрсауындағы аймақтар мен аптапты шөлдер, мол сулы өзендер мен шалқар көлдер, ит тұмсығы батпайтын ну ормандар мен ми батпақтар, шалғынды далалар мен тақырлар жайында да мол мағлұматтар аласыңдар. Дүниежүзілік мұхиттың тылсым табиғаты мен орасан мол табиғи қорлары, ондағы терең сулы шұңғымалар мен су асты жоталары, құрлық климатына әсер ететін теңіз ағыстары мен мұхит суының жалпы қасиеттері жайлы қызғылықты деректер табасыңдар. Адамзат болашағы мен қазіргі тұрмыс-тіршілігін табиғи ортамен біртұтас байланыста қарастыру мақсатында жеке елдер мен халықтар туралы мәліметтер де келтірілді. Жоғарыда аталған деректер оқулық соңындағы «Жер – біздің ортақ үйіміз» бөлімінде қорытындыланады.
Материктер мен аралдар, дүние бөліктері. Жер шары бетінің жалпы ауданы 510,2 млн. км2-ге тең. Ол мате-риктер мен мұхиттарға бөлінген. Құр-лықты күрайтын материктер мен арал-дар үлесіне шамамен 149,1 млн. км2 не-месе бүкіл Жер бетінің 29,2 %-ы (пайы-зы) келеді. Жер шарында барлығы алты материк бар. Окулықта материк-тер калыптасуы мен казіргі табиғат ерекшеліктеріне сөйкес, солтүстік және оңтүстік жарты шар материктеріне топтастырылып, мынадай төртіппен қарастырылады: Еуразия, Солтүстік Америка (солтүстік жарты шар) және Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида (оңтүстік жарты шар).
"Көкөніс" тақырыбында сөзжұмбақ:
1) "Алма" сөзінің орысшасы?
2) Бүршіктері бір гүл береді, олар ақ немесе қызғылт түсті, жапырақтарынан бұрын ашылатын жеміс қалай аталады?
3) Оңтүстік Америка қай көкөністің Отаны?
4) Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес.Бұл не?
5) Қауын жемісі орысша қалай аталады?
6) Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.Бұл қай көкөніс?
7) "Жеріне қарай ......" Мақалды аяқта.
"Жеміс" тақырыбында сөзжұмбақ:
1) Бір күмбездің ішінде мың күмбез.Бұл қай көкөніс?
2) Қай жемістің Отаны Солтүстік Парсы жері мен Қара Теңіз жағалауы?
3) Жуа туысына жататын адамзат кеңінен асқа, медицинада пайдаланатын көкөніс?
4) Діңі шырмауық тәрізді оралып өсетін жеміс?
5) Күнбағыстың орысшасы?