Объяснение:
Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел. Ол ұлан байтақ дала, бейбіт ел. Қазақстанның астанасы Астана қаласы. Қазақстанда пайдалы қазбалар,есепсіз байлық өте көп. Қазақстан жерінде ұлт өкілдері көп. Олар: орыстар, ағылшындар, түріктер тағы басқа ұлттар тұрады. Қазақстан жері өте әдемі. Мен өз Отаным Қазақстанның көркіне жететін ешбір ел жоқ. Мен өз Отанымды мақтан тұтамын. Еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік –биік асқар таулар,мөп-мөлдір көлдер және өзендер. Әр түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі.
Отанымыздың аспаны ашық, әр таңы арайлы, болашағы нұрлы болса екен деймін. Келешекте бейбіт күннің бетін бұлт ба барлық әлемде бейбітшілік болсын. Мен қазақпын! Қазақ жерінде, елінде туылдым. Соны мақтан етемін. Отанымды сүйемін. Туған жеріме өлең жолдарын арнаймын.
Туған жерім асқан көркем, сұлу ғой,
Байлығымның баға жетпес құны ғой.
Туған жерім жүрегімнің үні ғой,
Көңілімнің жыры ғой.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Абай Құнанбайұлының 1889 жылы жазған өлеңі. Әрқайсысы 6 тармақты 5 шумақтан тұрады, көлемі 30 жол. Абайдың поэзия, оның мәні жөніндегі ой-пікірлерінің тың түйіні, бұған дейінгі жазылған «Базарға қарап тұрсам, әркім барар», «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы», «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» сияқты шығармаларындағы эстетикалық көзқарасының кемелді көрінісі. Бұл шығармаларында Абай ақындықтың ауыр міндетін, ақын атанудың алғышарттарын аңғартқан еді. Сөздің патшасын, сындарлысын дарияның тереңіне сүңгіп, ақық-маржан іздеушідей түн қатып толғататын, тұңғиық ойға шоматын даналардың ғана таба алатынын айтқан. Яғни ақын ақыл сөзін ақындарға арнаған-ды. «Сөзді ұғар осы күнде кісі бар ма?» деп, парасатты оқырманы жоқтығына налыған болатын. Ал бұл өлеңінде Абай Құнанбайұлы әрі оқырман-тыңдаушыларына, әрі ақындарға қарап сөйлейді.
Объяснение: