Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1.Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен ұлттық валютасы ел Тәуелсіздігінің нышандары болып табылады.
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы-24.01.1996 жылы белгіленген.Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы-24.01.1996 жылы белгіленген.
4.Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербінің негізі — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ — мемлекеттің түп-негізі — отбасының бейнесі. Шаңырақ — Күн шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті, Шаңырақ — киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар — дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз гербтің тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.
5.Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан назарбаев.Әні-Шәмші Қалдаяқов.
6.Мемлекеттік ту ол мәдениетті жерлерге (акимат,мектеп,аурухана және т.б)ілінеді..Себебі қасиетті рәміздер болғандықтан.Тұғыры биік,асқақ,елдің кетке ұстар заттарының бірі болған соң ілінеді.