Қазақта күшті бірді жығады, білімді мыңды жығады деген асыл сөз бар. Адам егер де көп уақытын түрлі ақпараттың, кітаптардың соңында өткізер болса, ол мыңнан жүйрік атанады. Білім кез келген адамның келбетін, санасын сұлуландырып тұрады. Адам өмірінде білім аса маңызды рөлді ойнайды. Білімсіз адам жалаңаштай, ол ештеңе білмесе , онымен сөйлесетін де дәнеңе қалмайтындай. Білім - бұл үнемі маңызды ақпаратпен толықтырылатын қобдиша. Білім алаотырып, біз болашақта баға жетпес қызметке орналаса алатын тәжірибе жинақтаймы з. Біз білімді кейде еріксіз алып жатамыз. Себебі білім барлық жерде. Ол анамыздың бізге айтқан ақылында, достарымызбен сөйлескен аз ғана уақытта... Білімді болу үшін адамға тау қопарудың қажеті жоқ. Тек үнемі ізденісте болсаңыз болғаны.Білім - теңіз. Білімнің шегі жоқ. Адам бұл өмірде бәрін білдім, болдым десе қателеседі. Себебі ол расымен де теңіз секілді. Ешқашан да бітпейді. Білімді адам қашан да кез келген ортаның алды болады емес пе? Сондықтан болар ата-анамыз бізді жастайымыздан білімге, ғылымға баулиды. Білім біздің болашақта жейтін нанымыз.
Ауыл туралы шағын мәтін.
«Ауылым – алтын бесігім» деген сөздермен толықтай келісемін, себебі әркімге өзінің туып – өскен жері қымбат. Менің кіндік қаным тамып, ер жеткен жерім – Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы.
«Жаңаарқа он бес болыс елдің аты,
Қазақтың он ғасырлық өмір салты.
Құда боп, қыз ұзатып, қонақ күткен,
Қаймағы бұзылмаған елдің қалпы.» - деп жырға қосқандай, Жаңаарқа өлкесі тұнып тұрған қазақилық пен салт – дәстүрді ұстанатын өлке. Бұл өлкеден елімізге танымал қаншама ақындар мен әншілер шыққан.
Ауылым, туған жерім өзіме қашанда ыстық . "Акқу көлін аңсайды, адам туған жерін аңсайды" демекші, сапарға шыққанымда ауылға оралғанша тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманын, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендерін, дән теңізіне шалынған жазық даласын, төрт түлік малға төсін ашқан құтты жайлау қырларын, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлерін сағынамын...
Ауылдағы тіршілік қаладағыдан мүлдем ерекше. Дегенмен, ауылдың ауасы таза, шөбі шүйгін, тамағы табиғи.
Соңғы жылдары ауыл мәселесі республикалық деңгейде қолға алынып, түрлі жобалар іске асырылуда. Осының арқасында ауылымыз одан сайын көркейіп, гүлдене түсетініне сенімдіміз, себебі ауылдың гүлденгені – еліміздің гүлденгені деп ойлаймын.
Где фото