Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ (награда) белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі.
Ат мінгізу, шапан жабу салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді. Мысалы, Ұлытауға келгенде қазақ елінің тұңғыш президенті Н.Назарбаевқа Торғайда ақын С.Мәуленовке, Шымкентте жазушы Ш.Мұртазаға ат мінгізіп, шапан жабылуы ұлттық мәдениеттімізідің, салт-дәстүріміздің қадір-қасиетін көтере түскені сөзсіз. Әділін айтсақ, мұндай құрмет қазіргі күнгі «машина кілтін тапсырды» дегеннен әлдеқайда абыройлы да асқақ естіледі!
Бір пәлсапа: «Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», - деген екен. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін! Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!
Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын. Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын! Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», - деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар! Өмір сүрудің екі негізі бар екен: Біріншісі – үйретуден аянбау; Екіншісі – үйренуден жалықпау. Міне, осы қағиданы басшылыққа алыңыздар.
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты. Екі жүрек ұғынысты, табысты. Тілейікші аппақ арман-ағысты. Тұлпарға тән озып шығар шабысты. Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп. Кел, достарым, жақсы тілек етелік! Үйленгендер – алтын сарай салғандар. Балалығы естелікке қалғандар! Қалады енді балалық шақ ертек боп. Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп! Екі жұбай – қатар тұрған періште. Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!