Жол ережесі
Жол қауіпсіздік ережелерін бәріміз де сақтауымыз керек, ол ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін. Жаяу жүргінші де, көліктегі жүргізуші де ережеге сай жүруі шарт.
Балаларды кішкентай күнінен бастап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету керек. Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда ғана өтуге болады. Бағдаршам жоқ болған жағдайда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзінде абай болып, ең алдымен жолға шықпас бұрын сол жағымызға қарап, машинаның жоқ екеніне немесе тоқтағанына көз жеткізіп қана өтуге болады.
Ал көліктегі жүргізуші болса, жол белгілеріне сай жүріп, оларды бұзбау керек. Жаяу жүргіншіліерге арналған жолға жақындаған кезде көліктің жылдамдығын азайтып, жүргіншілер болса, соларды өткізіп, сосын жүруіне болады.
Экологиялық мәдениет— жалпы дүние-жүзілік мәдениеттің дамуының бір кезеңі және құрамдас бөлімі; адамзатгың өмірі мен болашақтағы дамуында экологиялық проблемалардың өзекті маңыздылығын баршаның тереңінен кәміл ұғынушылығымен сипатталады. Қоршаған ортаға немқұрайдылықпен қараудың күйінішті тәжірибесі, химиялық ластанудан, шудан, дірілдерден, электрмагниттік сәулеленуден, радиациядан және т.б. болған ауруларды зерделеу экологиялық мәдениет және санитариялық мәдениет ұғымдарын біріктіре ұғыну қажет екенін түсінуге себеп болды.