Желдің күшімен алынатын электр энергиясы үйлерді жылыту, жап-жарық ету үшін пайдаланылады. Жел энергиясының басқа энергия көздерінен экологиялық және экономикалық артықшылығы көп. Жел энергиясы әрі арзан әрі тиімді қуат көзі. Желдің жалпы қуаты 5000 мВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге және, әсіресе, қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жел энергиясының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бір де бір ғылым саласы, өндіріс, мамандық тек жағымды немесе тек қана жагымсыз факторлардан тұрмайды. Әдетте әр заттың жақсы-жаман тұстары болады. Шикізатты сатып алу-тасымалдаудың, қалдықтарды шығарудың қажеті жоқ, ластаушы қалдықтар болмайды Табиғи ресурстар үнемделеді, Отын, электр қуатының шығындары қысқарады. Табиғаттың оттек қорын сақтайды. Кемшіліктері. Жел қондырғыларының жұмысы эфир кедергілерін тудырады. Пайда болатын шу адамның және жануарлар әлемінің денсаулығына кері әсерін тигізеді. Жұмыстың тұрақсыздығы, энергияның берілуі бір қалыпты емес, Кей елдер жел энергетикасына ерекше белсенділікпен дамытуда, атап айтқанда Дания жел генераторларының көмегімен барлық электр қуатының 40%-ын өндіреді; Португалия - 23%; Испания — 16%, Ирландия — 14%; Германия 8%. Ал Қазақстанда — 0,5%. 3. Сызбаны толықтыр: No Зат есім -4 Сан есім-4 Сын есім-4 дам
Ана – жүрек, жүректі құдіретте.
Ана – тірек, тіректі құрметте,
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет.
Ана – күнің, күніңе табынып өт. –
деп жырлағым келеді.
Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.
Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Кейбір балалар арасында, өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын, еңбегінің қадірін білмейтін, айтқан тілін алмайтын балалар да кездесіп қалады. Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі, екі жүзді сұрхия адам
болып шықпасына кім кепіл. Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсін дегім келеді.