М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Агаисмаил1
Агаисмаил1
20.05.2022 03:41 •  Қазақ тiлi

Терең көлге алуыспалы мағынаны тауып беріңіздерш

👇
Открыть все ответы
Ответ:
nvanislavskaya
nvanislavskaya
20.05.2022
Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде - дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек Бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.
4,4(15 оценок)
Ответ:
минкп
минкп
20.05.2022

Біздің өміріміздегі ең қымбат нәрсе - ол уақыт. Адам белгілі бір уақытта жаратылды, уақытша жаратылды. Уақыт бізге емес, біз уақытқа тәуелдіміз. Уақытты қалаған кезімізде ұзартып, қалаған кезімізде қысқарта алмаймыз. Уақыттың адамға бағынбайтын өз заңдылығы бар. Қазақта уақытқа қатысты "қас қағым сәт", "көзді ашып-жұмғанша", "қамшының сабындай қысқа ғұмыр" тәрізді сөз тіркестері бағзы заманнан қалыптасқан. Уақыт - емші, уақыт - төреші деген де бар. Осылайша, ата-бабамыз уақыттың бағасын жете түсініп, оның қадір-қасиетін ұрпақтарына жеткізуді қалаған.Уақытқа қатысты қызықты деректерге сүйенсек, шамамен 800 миллион жыл бұрын, ерте замандағы тіршілік пайда болғанға дейін Жер бетін қалың мұздақ басып тұрған дәуірде бір жылда 486 күн болыпты. Ал жүз миллиондаған жылдар өткен соң - динозаврлар дәуірінде бір жыл 370 тәулікке дейін қысқарған. Дәл қазір оның небәрі 365 күннен ғана тұратыны белгілі. Неліктен бұлай? Өйткені, ғасырлар өткен сайын ай гравитациясының әсерінен Жер ғаламшарының айналу жылдамдығы азайып келе жатыр. Соның салдарынан күндер ұзарып (шамамен бір мыңжылдықта 1,7 миллисекундқа), ал жылдар қысқаруда.Менің сол уақытымның өтіп жатқаны туралы ойлануыма да уақыт жоқ. Қалай өтіп жатқанын білмеймін. Тек жұмыстан қол тимейді", - дейді телеарнада еңбек етіп жүрген Айдын. Ал жоғары оқу орнының ұстазы Тоты: "Алдымен ең маңызды, тығыз, уақытымды аз алатын жұмыстарды орындап, кейін қалғанына - күрделісіне, уақыт алатындарына уақыт бөлемін" десе, облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Роза: "Ерте тұрып, бәріне үлгеруге тырысамын, сөйтіп уақыт ұтамын", - дейді.

4,5(55 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ