М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
SeetFatRed819
SeetFatRed819
25.09.2021 18:42 •  Қазақ тiлi

Салт дәстүр тұралы мәтін жазу

👇
Ответ:
Mashylka999
Mashylka999
25.09.2021

Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрлері сол халықтың мінез – құлқын, қасиеттерін таныта алады. Мысалы: қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық. Әрине, бұл ерекшеліктер басқа халықтарда да кездеседі. Бірақ бұл қасиеттер әр халықта әр қырынан көрініс береді, сонымен қатар әр ұлт өкілдерінің салт-дәстүріндегі мән-мағынасы мен тәлім-тәрбиесі бір-біріне ұқсап, бірін-бірі толықтырады.

Той – думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт-дәстүрлері оның ұмыт болмағанын паш етеді және тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарастарына байланысты ұрақтан-ұрпаққа беріле ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Қазіргі уақыттың өмір ағымына байланысты кейбіреулері түрленіп қана қоймай, жаңадан еніп те жатыр.

Салт-дәстүрлердің ұрпақ тәрбиесіндегі мәні зор. Ол бала тәрбиесіне байланысты, тұрмыс-салт және әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер болып үш түрге бөлінеді.

Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға: баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелерінен бастап, есейіп азамат болып кеткенге дейінгі кезеңі кіреді. Мысалы: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той, тіл ашар, ұл бала мен қыз баланы жанұя болуға, шаруашылыққа, еңбекке, өмірге бейімдеу.

Тұрмыс-салт дәстүріне қазақтың киіз үйі, жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдарын жатқызамыз.Мал бағу, егіншілік, аңшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері халқымыздың дәстүріне сай жүргізіледі. Ұлтымыздың ұлттық сөз өнері, аспаптары, мерекелері, қонақ күту дәстүрі өзге елдерден біздің биік тұрғанымызды көрсетеді. Оның бір дәлелі, баспанасы киіз үйден бастап, оның ішіндегі түрлі тұрмыста қолданылатын заттарын, бұйымдарын, киім-кешектерін шебер жасай білгендігі.

Ата-бабамыздың салт-дәстүрлерін мақтан тұтамын. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген мақал бар. Осы мақалға сүйене отыра бабамның аманатын сақтаушы ұландардың бірі мен боламын. Елімді, өз туған өлкемді, салт-дәстүрімді шын жүрегіммен сүйемін және әлемге танытқым келеді. Себебі қазағымның асыл қасиеттері жүрегіме қуат, көңіліме мақтаныш береді.

Бүгінгі күні Тәуелсіздігімізді алып, Тәуелсіз мемлекет атанып, өзге елдермен тереземіз тең болып отырған шақта біздер, бүгінгі жас ұрпақ ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді заман талабына сай қолданып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат етеміз деп сөз береміз.

4,6(82 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.

1992 ж. маусымның 4-інде қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қантардың 24-інде) белгiленген.
Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.

Түндік — таза көк аспанын бейнеллейді. Үш-санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.

Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.

Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.

Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi.

Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ-қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов.
4,4(52 оценок)
Ответ:
infaitile
infaitile
25.09.2021
Алды!Ұтқыр телефон жаса- 6 1983 наурыздың - компания Motorolla болды. Қарамастан және уже 1984 ұтқыр байланыстың пайдаланушысының жылына около 300 мыңдаған человек болды, ара 2003 уже астам не 1,2 мильярдтер 
Ұтқыр телефон ана, не ол ыңғайлы өлшемде жас, қарамастан және ол алып бару болады. Мен көмек ұтқыр телефонның суретке түсіру болады өзінің досының, туған-туыстарды. Телефон музыканы тыңдау қояды. Қазіргіде телефон көп еліктіргіш ойындар болады. Бірақ басты, не ұтқыр телефон қапта- әлеммен жанасушылықтың сол тәсілі. Ол бізге істе- ойдағыдағы жоспарларды тезірек көмектеседі және ара курс барлық болып жат- уақиғалардың бол-.
Бүгін ұтқыр телефондар байыпты өзгерістерді претерпели, бірталай өлшемдерде азайды, қарамастан және енді олармен ұсын- өзінің өмірінің қазіргі адамға жайдан-жай нанғысыз. 
4,6(91 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ